banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 24 июля, 2021 | қосқан shalqar | 121 рет оқылды

0

Еркебұлан Дайыров Азияның үздік актері атанды

Кино және театр актері Еркебұлан Дайыров Азияның үздік актері атанды. Отандасымызға бұл мәртебелі марапат Канн фестивалінің қорытындысы бойынша табысталды.

Актерге бұл жүлде режиссер Эля Гильманның «Күнбағыс» фильміндегі рөлі үшін берілді.

Еркебұлан Дайыров – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Көптеген кино туындыларға түсті. «Қазақ хандығы» тарихи кино дастанында Жәнібек ханның рөлін сомдады. Бауыржан Момышұлы туралы фильмде,  талантты режиссер Айсұлтан Сейітовтің «Қаш» атты толықметражды фильмінде басты рөлдерді сомдады. Сонымен қатар  «Анаға апарар жол», «Қазақ елі», «Жұлдыздар тоғысқанда», «Тараз», «Алтын орда» секілді бірқатар кинотуындылар арқылы да таныс.

Еркебұлан Дайыров 1986 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасазда туған. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген. 2006 жылдан бері Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері.

 




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑