Еуроодақ қуаңшылықтан зардап шеккен қазақстандықтарға 200 мың еуро бөледі
Маңғыстау мен Түркістан облысында құрғақшылықтан көбірек зардап шеккен шамамен 6 мың адамға беріледі.
Бұл туралы Еуроодақтың Қазақстандағы өкілдігі хабарлады.
«Құрғақшылықтың салдарынан табиғи су қоймалары тартылып, жайылымдық жерлер мен суаттар азайған. Нәтижесінде малмен жан бағып отырған көптеген отбасының малы қырылды. 70 мыңнан астам адам зардап шеккен, көбі кірісі малға тәуелді ұсақ фермерлер. Ақпаратқа қарағанда, зардап шеккендердің 84 пайызы Маңғыстау облысында тұрады» делінген хабарламада.Онда аталған көмек Еуроодақтың Қызыл ай мен Қызыл жарты ай ұйымдарының (IFRC) табиғи апат кезінде көмек беру қорына (DREF) қосқан үлесі екені атап көрсетілген.
Бұған дейін қуаңшылыққа байланысты Қызылорда облысы Арал ауданында төтенше жағдай жарияланған еді.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің шілдедегі мәліметінше, Маңғыстауда мыңнан астам, Қызылорда облысында 500-ге жуық мал басы шығын болған.