Жетісу облысында полиция қызметкер..." /> Жетісу облысында аюмен суретке түскен ер адам іздестіріліп жатыр - Шалқар газеті

banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 7 декабря, 2022 | қосқан shalqar | 197 рет оқылды

0

Жетісу облысында аюмен суретке түскен ер адам іздестіріліп жатыр

Жетісу облысында полиция қызметкерлері аюмен суретке түскен азаматты іздестіріп жатыр. Ер адамның суреті әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде тараған.

Желіде тараған жазбада ер адамның өлі аюды ұстап тұрғаны жазылған.

«Браконьерді табыңыздар! Ауыл тұрғындары өлі аюды ұстап тұрған адамның суретін жіберді. Аңның тұмсығы қан. Атқан адамның есімі Наил дейді», – дейді жазба авторы.

Ал полиция қызметкерлері ақпараттың назарға алынғанын және қызыл кітапқа енген жануармен түскен ер адамның суреті жасалған күнді, жері және жеке басын анықтау үшін қажетті шаралар ұйымдастырылғанын мәлімдеді.

«Сонымен қатар ақпарат Табиғат пен жануарлар дүниесін қорғаумен айналысатын мүдделі ведомстволарға жіберілді. Іздестіру іс-шараларының нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады», – делінген хабарламада.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑