Алматыда жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектері «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына қатыса алады.

29 жасқа дейінгі жұмыссыздар оқу аяқтағаннан кейін үш жыл ішінде бағдарламаның қатысушысы бола алады. Жастар тәжірибесінің ұзақтығы – алты ай. Жалақы 35 АЕК немесе 102 095 теңге болады (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған демалыстың өтемақысын және банктік қызметтерді қосқанда).

Жастар тәжірибесі меншіктің әртүрлі формасындағы ұйымдарда өтеді:

  • облыстық әкімдіктердің бөлімдерінде;
  • Алматы қаласы әкімдігінің құрылымына кіретін бөлімдерде;
  • аудандық мемлекеттік кірістер басқармасында;
  • жеке компанияларда.

Бағдарлама одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігімен алған мамандығы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға, сондай-ақ жастар арасында еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыруға бағытталған.

Жастар тәжірибесіне қатысу үшін Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығына келесі құжаттарды тапсыру керек:

  • өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • жұмыс кітабының көшірмесі (бар болса);
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуын растайтын құжаттың көшірмесі.

Ескету: Жастар тәжірибесі бағдарламасымен журналист, филолог, педагог, психолог мамандықтары бойынша соңғы үш жылда ЖОО дипломын алған жастарды, халықаралық «Жанашыр» қоры жұмысқа шақырады. Хабарласу үшін байланыс: 87073240176.