banner-top12

Керек баған

Уақыты 16 февраля, 2021 | қосқан shalqar | 438 рет оқылды

0

ЖШС-ны тарату жолдары

Біз әдеттегідей аптаны #oqy&toqy айдарынан бастамақпыз. Бүгін ЖШС-ны тарату жолдарын айтатын боламыз.

🔑Еgov.kz арқылы:

📌Порталға кіріңіз,  порталдың «Бизнеске», «Бизнесті тіркеу және дамыту», «Бизнесті тіркеу және жою» тармақтарына өтіп,  «Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару» қызметіне онлайн тапсырыс беріңіз.

📌Портал талап екен деректерді толтырып,  қажетті құжаттарды тіркеп, ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз.

 

Есіңізде болсын❗️

☝️Порталға жүктелетін құжаттардың скан көшірмелерін алдын ала дайындап алуды ұмытпаңыз.

☝️ Бұл қызметті жүзеге асыру үшін порталға ЖШС басшысының ЭЦҚ-сымен кіру керек.

 

🔑ХҚО арқылы жүзеге асыру үшін:

📌Ең алдымен ХҚО-ға кезекті онлайн брондаңыз. Бронды растау үшін ХҚО-ға 20 минутқа ерте келіңіз.

📌ХҚО операторы арқылы заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тіркеуге өтініш беріңіз.

 

📍Қажетті құжаттар тізімі (портал үшін де, ХҚО үшін де)

📎меншік иесінің немесе құрылтайшылар жиналысының мөрімен бекітілген шешімі;

📎ЖШС таратылатындығы туралы жарияланған хабарлама бар газет көшірмесі;

📎ЖШС-ның мөрін жойған ұйымның анықтамасы;

📎Акцияларды шығарудың күшін жою туралы Ұлттық Банктің хабарламасы (акционерлік қоғамдар үшін);

📎Филиал және өкілдікті есептен шығарған жағдайда филиал туралы өтініш және ереже;

📎Қызмет құны төленгені жайлы түбіртек.

 

💰Қызмет құны:

✔️ Ірі бизнес субъектілері үшін — 18382 тг;

✔️Шағын және орта бизнес субъектілері үшін – тегін.

 

⏰Қызмет көрсету уақыты портал арқылы да, ХҚО арқылы да 5 жұмыс күнін құрайды.

 

Ескерту❗️

☝️Бұл қызметке өтініш қалдыру ЖШС-ны тарату этаптарының ең соңғысы болып табылады.

☝️ҚҚС бойынша тіркелмеген, белгілі бір қызмет түрлерін жүзеге асырмайтын, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін арнайы режимді қолданбайтын, бұрын қайта ұйымдастырылмаған, салықтық тексеру жоспарына енгізілмеген ЖШС-лар жеңілдетілген тарату жолын пайдалана алады. Олар құжаттарды ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер басқармасының бақылау үстелінен өткізумен шектеле алады.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑