banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 2 октября, 2020 | қосқан shalqar | 274 рет оқылды

0

Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын қалай онлайн алуға болады?

ХҚО-ға бармай-ақ, eGov.kz порталы арқылы жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын алуға электрондық өтінішті берудің оңай әрі ыңғайлы жолын таныстырмақпыз.

Сонымен, ЭЦҚ немесе бір реттік жасырын сөз арқылы eGov.kz порталына кіреміз.

✅ Бастапқы бетте жылжымайтын мүлік бөлімін таңдаңыз

✅Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын алуға электрондық өтінішті беру қызметін таңдап, онлайн сұрау батырмасын басып, деректерді толтырыңыз

✅Өтініш түрін көрсетіп, жылжымайтын мүлік туралы деректерді толтырыңыз

✅Өтінімге құқық белгілейтін құжаттың сканерленген көшірмесін жүктеңіз

✅Төлем түрін таңдаңыз

Қызмет нәтижесі жылжымайтын мүлік түріне қарай беріледі:

1️⃣пәтерлер, жатақханалардағы бөлмелер – 3 жұмыс күнi

2️⃣жеке тұрғын үйлер, жеке гараждар, саяжай құрылыстары – 5 жұмыс күнi

3️⃣жалпы ауданы 1000 м2 дейінгі қалған жылжымайтын мүлік объектілері – 7 жұмыс күні

4️⃣жалпы алаңы 1000 м2 асатын объектілер – 10 жұмыс күні

Өтініштің қарастырылғаны туралы жауап жеке кабинетіңізге келіп түседі. Дайын құжатты алу үшін көрсетілген уақытта біздің корпорациямыздың фронт-офисіне бару қажет.

 




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑