banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 7 апреля, 2021 | қосқан shalqar | 182 рет оқылды

0

ЗАМАН АҒЫМЫНАН ҚАЛМАУ МАҢЫЗДЫ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ құрылғанына 5 жыл толды. Мемлекеттік қызметтер провайдері болып табылатын корпорацияның 5 жыл ішіндегі жаңалықтары мен жетістіктері туралы Алматы қаласы филиалының директоры Данияр Батанұлы Қырықбаев айтып берді.

ЦИФРЛАНДЫРУ. БІЗДІҢ ӨМІРІМІЗГЕ ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТУДЕ?

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ашылуы — еліміздегі саяси интеграцияның нышаны. Орталық Конституциялық нормалар мен нарықтық қоғам талаптарына сай, азаматтарға қолайлы негізде 2007 жылы өз жұмысын бастады. Халықтың құжат мәселесін реттеуде орталықтардың ашылуы – үлкен құбылыс болды. Бұрын бір анықтама алу үшін бітпейтін кезек пен түрлі кабинеттерге алтын уақытын сарп ететін халық, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы барлық  құжаттарын  бір демде реттеу мүмкіндігіне ие болды.

   Мемлекеттің даму сатысы жоғарылаған сайын халықтың сұранысы да арта түсетіні белгілі.  Көпшілік «бір терезе» деп атаған бұл мекеме, әртүрлі жаңғыртулар мен оңтайландыруларды бастан өткере отырып, бүгінде ешкім күтпеген жетістіктерге жетті. Алғаш құрылғанда 25 мемлекеттік қызмет түрін көрсеткен орталықтар, бүгінде 698 қызмет түрін көрсететін үлкен мемлекеттік корпорацияға айналды.

    Мемлекет басшысы 2015 жылдың 19 қарашасында «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» аясында, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын құру туралы» Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған еді.

    Соның нәтижесінде Канададағы Canada Service және Австралиядағы Centrelink үлгісі бойынша мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдеріне айналатын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы құрылды. Мемлекеттік корпорация халыққа қызмет көрсететін барлық орталықтарды бір жүйеге интеграциялап, Қазақстан азаматтары мемлекеттік қызметтерді бір жерден алатын етті. Яғни, мемлекеттік корпорация азаматтарға «бір терезе» қағидаты бойынша барлық мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін құрылған, мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдері ретінде жұмыс істеді.

    Осылайша, Халыққа қызмет көрсету орталықтары құрылымында 2016 жылдың сәуір айынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өз жұмысын бастады. Жаңа мемлекеттік корпорация төрт мемлекеттік кәсіпорындарды біріктірді: Халыққа қызмет көрсету орталығы, Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы, Жылжымайтын мүлік орталығы және Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы. Бірыңғай құрылым республика бойынша 21 мыңнан астам қызметкерлерді біріктірді, мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдері болды. Халыққа қызмет көрсетудің сан түрлі саласы заманға сай технология құралдарының көмегіне жүгініп, қолжетімділік деңгейі арта түсті. Халыққа мемлекеттік қызметтерді ұсынудың «бір терезе» әдісінен «бір өтініш» түріне дейін өзгерту бағытында жұмыстар қолға алынды. Азаматтар көптеген қызметтерді ХҚО-ға келмей-ақ үйде отырып алатын деңгейге жетті. Азаматтар үшін сапа, жайлылық және барынша оңайлату мемлекеттік корпорацияны дамытудың басты басымдықтарының бірі болып табылады.

     Электрондық қызмет көрсетудің фронт-офистердегі жайы, халыққа ыңғайлы қызмет көрсету мақсатындағы «Электрондық кезек» жұмыстарынан басталды. Бұл жұмыстың мақсаты — көрсетілетін қызмет түрлерінің сапа деңгейін көтеру, ХҚО-да  жұмыстың нәтижесін көрсетіп отыратын «негізгі нәтижелілік көрсеткіштерін» (KPI) айқындау. Ол бойынша орталық қызметкерінің қызметін бағалау  ережелері анықталады. Мысалы, қызметкер азаматтармен диалог жүргізу кезінде  сабырсыздық, дөрекілік танытып немесе қызмет көрсету уақытын стандартқа сәйкес пайдаланбаса қызмет көрсету аяқталған соң белгілі бағалау жүйесін басу арқылы  базалық бағалау жүргізеді.

   Ал, жалпы мемлекеттік қызметтерге келсек, «Электронды үкімет» бағдарламасындағы электрондық қызметтер (E.gov.kz сайтындағы жаңашыл істер) алға басуда, яғни халық арасында үлкен сұранысқа ие қызмет түрлері соның ішінде көптеген  анықтамалар автоматтандырылды. Мұнымен қоса әлеуметтік маңыздағы қызмет түрлері де  жетілдіріліп келеді. Бұл үдеріс әлі де жалғасуда. Азаматтар өз үйінен шықпай-ақ интернет желісі арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны, бір реттік СМС хабарламаны пайдала отырып, электрондық анықтамалар мен басқа да  электрондық қызмет түрлерін  осы аталған порталдан ала алады. Егерде интернет желісі болмаған жағдайда ЭЦҚ бар өтініш беруші ХҚО-ға келіп, Қоғамдық қол жетімділік пункті арқылы электрондық қызмет түрлерімен бірге салықтар, өсімпұлдар, жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлеу және т.б қызметтерді кассаларға кезекке тұрмай-ақ  пайдалануға болады. Қазіргі таңда мемлекеттік корпорацияның әрбір фронт-офисі өзіне-өзі қызмет көрсету «Connection Point» секторымен жабдықталған, ол жерде «электрондық үкімет» порталы және басқа да мемлекеттік ресурстарға шығу мүмкіндігімен қамтамасыз етілген жұмыс орындары ұйымдастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету секторында азаматтар өз бетінше ЭЦҚ алуға өтінім беруге, сондай-ақ электрондық қызмет пен сервистер алуға мүмкіндігі бар. Жыл сайын мемлекеттік корпорация халықтың үлкен легін қабылдай отырып, 38 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетеді. Бүгінгі күні Мемлекеттік корпорация арқылы азаматтар тізілімдегі 698 қызметтің 96,5% — дан астамын (674) ала алады, оның 80% — дан астамын электрондық портал арқылы алуға болады.Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың жаңа нұсқасы болып табылатын цифрлық ХҚО-лар ашу, өмірлік қажетті мемлекеттік қызметтер проактивті тәсілмен ұсыну, композиттік қызметтер және т.б. көптеген жұмыстар қолға алды.

   Мәселен, мемлекеттік корпорацияның маңызды стратегиялық бағыттарының бірі саналатын — азаматтар мен бизнеске цифрлық нұсқада қызмет көрсететін цифрлық ХҚО-лар ашылды. Мұнда азаматтар өз бетінше қоғамдық қолжетімділік орындары, өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары және арнайы стенд-павильондарындағы планшеттер арқылы электрондық өтініштер береді. Осыған мысал ретінде Алматы қаласындағы Алатау аудандық ХҚО-ны айтуымызға болады. Бөлім бір реттік SMS құпия сөзін пайдалану арқылы немесе жеке куәлікпен электрондық қызметтерді алуға арналған цифрлық қызметтер секторымен, сонымен қатар  қоғамдық қол жеткізу пунктімен жабдықталған.

 Мұнан басқа, ХҚО-да egov.kz, elicense.kz және басқа порталдарда өз бетінше мемлекеттік қызметтерді алу мен жұмыс істеу дағдыларын үйренгісі келетіндерді оқытуға арналған сынып жабдықталған.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында іске қосылған сервистердің бірі —  мемлекеттік қызметтерді проактивті тәсілмен ұсыну. Мұны өркениеттің басты белгілерінің бірі десек те болады. «Проактивті формат» қағидаты бойынша азамат қызмет алуға жүгінбейді, мұнда мемлекет телефон арқылы мемлекеттік қызметті алуды ұсынады.

    Проактивті форматтағы алғашқы қарлығаш  — бала тууға байланысты мемлекеттік қызметтерді проактивті тәсілмен ұсыну қызметі болды. Бұл жобаға сәйкес жаңа босанған әйелдер телефон арқылы сәбиін тіркетіп, туу туралы куәлік жасатып, балабақшаға кезекке қойып, тіпті тиесілі жәрдемақыларды рәсімдей алады.

     Яғни, балалы болған ата-анаға туу туралы куәлік алу үшін баланың аты-жөнін, жәрдемақылар тағайындау үшін шот нөмірін және бала­бақшаға кезекке қою үшін мекен­жайын көрсету ұсынысымен автоматты түрде SMS-хабарлама келеді. Нәтижесінде, өтініш беруші ХҚО-ға дайын құжаттарды алып кету үшін ғана барады немесе үйге жеткізу қызметіне тапсырыс бере алады. Алдағы уақытта тағы да өмірлік жағдайлар бойынша бірқатар мемлекеттік қызметтердерді проактивті форматқа көшіру көзделген.

      Ал, композиттік қызмет дегеніміз — тұрғындар мемлекеттік корпорацияның фронт-офистеріне бармай-ақ бірнеше қызметті бірден алу мүмкіндігі. Біз бұрын «бір терезе» десек, енді «бір өтініш» қағидатына қадам бастық. Бірнеше қызметті бірден алу, яғни композиттік қызмет түрі азаматтар үшін уақыт үнем­деу жағынан ғана емес, қаржылық тұр­ғыдан да тиімді. Мысалы, жер учаскесіне қатысты төрт түрлі қызмет «Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін беру» деген атаумен бір мемлекеттік электрон­дық қызметке тоғыстырылды. Тағы бір мысал, мүгедектікті белгілеген жағдайда медициналық-әлеуметтік сараптаманың шешімі бірден Электрондық үкіметтің порталына қойылады да, осы мәліметке сәйкес, мемлекеттік корпорация жәр­демақыны тағайындап, ал жергілікті атқарушы орган қажетті көмектерді (мүгедектерге арналған арба, тифло­құрал, т.б.) көрсете береді. Осылайша, қызмет алушы екі органға бармай-ақ, көп құжаттың орнына бірнеше құжатты ғана жинайды.

   Іске қосылған тағы бір қолайлы сервис, «Азаматтарға арналған үкіметті» қағазбастылықтан құтқарған «Анықтамасыз қызмет» сервисі. Азаматтар мемлекеттік органдарға мекенжай анықтамасын, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және жылжымайтын мүліктің болуы/болмауы туралы анықтамаларды қағаз жүзінде апаруға міндетті емес. Электрондық үкімет порталында  «Анықтамасыз қызмет» — «Paper free» сервисі іске қосылған. Жобаға сәйкес SMS-хабарлама арқылы қызмет алушының рұқсаты расталған жағдайда үшінші тұлғаларға ақпараттық анықтамалар ұсынуға мүмкіндік береді. Paper free – қызмет алушының рұқсаты расталған жағдайда Мемлекеттік органдар мен жеке ұйымдарға Элек­трондық үкімет арқылы анықтама беру қызметі. Бұл қызмет түрі ХҚО қыз­меткерлерінің қатысуынсыз өтеді. Ал азаматтар жеке мәліметтерін беру-бермеу жөнінде шешімді өздері қабылдап, SMS-хабарлама арқылы жауап береді.

       Содай-ақ, бүгінгі таңда азаматтарды онлайн ­тіркеу бір жүйеге түсті. Бұрынғыдай сағаттап кезек күтудің қажеті жоқ, 10-­20 минутта тіркелуге болады. Бұрын электрондық үкімет порталы арқылы тіркелгенде 10% АЕК көлемінде мемлекеттік баж төлеу міндеттелетін, жаңа ережелерге сәйкес енді салық төленбейді. Сондай-­ақ бұған дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт­ офисіне келіп, жеке куәлік чипына тіркеу туралы деректер жазбасын енгізу үшін көші­-қон қызметкеріне жүгіну қажет еді. Бүгінде портал арқылы тұрғылықты жер бойынша тіркелу рәсімі жеңілдеді.

     Жылжымайтын мүлік иесі және тіркелетін азамат egov.kz порталында авторизациядан өткеннен кейін, тіркелуші өтініш беріп, меншік иесі өзінің электрондық-­цифрлық қол­таңбасымен растауы тиіс. Өтініш берілгеннен кейін деректер шамамен 10 минутта өңделеді, содан кейін тіркелген мекенжай бойынша анықтама алуға тапсырыс беру мүмкіндігі беріледі. Бұл қызметке электронды цифр­лық қолтаңбасы (ЭЦҚ) бар кез келген азамат Қазақстанның барлық аймақтарында қол жеткізе алады.

  Сонымен қатар, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «SmartPay» провайдерімен бірге fastpay.kz онлайн-сервисін іске қосты. Онда қолма-қол ақшасыз есептесуді қалайтын азаматтар қызметтің ақысын тек қана банк карталары арқылы ғана емес, «WebMoney», «Qiwi» и «WalletOne» электрондық әмияндары арқылы да төлей алады.

Сондай-ақ fastpay.kz онлайн-сервисінің көмегімен көлік, жер және мүлік салығын, әкімшілік айыппұлдар мен жол ережесіне қатысты айыппұлдарды төлеуге болады.

  Жақында QR-код арқылы баж салығын төлеуге болатын мемлекеттік қызметтер қатарын ұлғайтты. Енді қазақстандықтар смартфондары арқылы елдегі ХҚО-да кез келген мемлекеттік қызметтің төлемін бірнеше секундтың ішінде жолдай алады.

QR-код арқылы, мысалы,  жер учаскесіне актілерді дайындау және беру, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, банктік қарызға алу шарты бойынша талаптар құқығын беруді, кондоминиум объектісін, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ жер қатынастары, жылжымайтын және жылжымалы мүліктер саласындағы басқа да мемлекеттік қызметтер үшін төлем жасауға болады. Мемлекеттік қызметтердің ақысын Homebank және Kaspi.kz қосымшасында QR-код арқылы кезексіз, қауіпсіз және тез төлей алады. Азаматтар қандай бір қызметті алған кезде төлем жасау үшін менеджерден QR құрып беруін өтініп, сосын өзінің смартфоны арқылы бірнеше минуттың ішінде төлей алады. Айта кету керек, әр клиент үшін әрбір қызмет бойынша жеке QR-код жасақталады.

Жаңа сервис — мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті арттырып, халыққа қызмет көрсету саласын цифровизациялауға жасалған кезекті қадам.

      Жеке мәліметтерді бұғаттау сервисі. Жеке мәліметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтар өзі туралы жеке ақпаратты толықтай бақылай алатын жоба да іске енгізілді. Басқаша айтқанда, тіпті ХҚО қызметкері де жеке мәліметтерді көре алмайды, операторлар қандай бір жеке мәліметтерге қол жеткізу үшін азаматтардың СМС рұқсатын алуы тиіс.

    EgovKzBot телеграмм-боты арқылы да мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік бар. Бот арқылы өзіңізге жақын жерде орналасқан ХҚО туралы біліп, сондай-ақ проактивті қызметтерді алу, туу туралы куәлікке тапсырыс беру, бала туу бойынша жәрдемақыларды рәсімдеу және сәбиді балабақшаға кезекке қою, ХҚО-ға кезек брондау және т.б. тіпті жеңілдей түсті.

Мемлекеттік қызметтерді телеграм-бот арқылы алу үшін «Мобильді азаматтар базасына» тіркелу қажет, яғни eGov.kz порталындағы жеке кабинетте телефон нөміріңізді ЖСН-ге бекітіп, өз гаджетіңіздегі Telegram мессенджерінде ботты іске қосу керек.

Сосын алдын-ала белгіленген командаларды жолдап, SMS-кодпен растау арқылы анықтамалар мен сервистер туралы ақпаратты сұрата аласыз. Сондай-ақ барлық ақпаратты қолданушының электрондық поштасына жолдау мүмкіндігі де қарастырылған.

      Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді видеоқоңырау арқылы да алуға болады.

   Желілік технологиялар видеоқоңырау арқылы 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, қызметтерді алуға өтінім жасауға мүмкіндік береді. Осы жоба арқылы бірқатар ақпараттық анықтамаларға – соттылықтың бар-жоғы, зейнетақы төлемдері, тіркелген құқықтар, жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы және тағы басқа да анықтамаларға қол жеткізуге болады. Сондай-ақ видеоқоңырау арқылы электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алуға өтінім беріп, мобильді азаматтар базасына тіркелуге болады.

  Бұл жоба, әсіресе пандемияға байланысты карантин жарияланған уақытта  көп сұранысқа ие болды.

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жеке тұлғаларға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) беру процесін де жеңілдетті.

   Иә, биометриялық параметрлер негізінде мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік беретін пилоттық жоба іске қосылған болатын. Енді қызмет алушылар ХҚО-лар мен электрондық үкімет порталында төлқұжат пен ЭЦҚ-ны пайдаланбай-ақ, саусақ ізі және бет-бейнесін сканерлеу арқылы тұлғасын растай алады.

    Биометриялық сәйкестендіру әдісін енгізу – бөтен адамдардың құжаты негізінде сәйкестендіру қауіпін жоя отырып, қазақстандықтардың мемлекеттік қызметті сапалы алуларына жол ашады. Биометриялық мәліметтер базасы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету механизмі – қызмет алушылардың ХҚО және Электрондық үкімет порталында төлқұжат пен электрондық цифрлық қолтаңбасыз, азаматтардың саусақ ізі мен бет-әлпетінің скан бейнесі деректерін пайдалану арқылы мемлекеттік қызметтерді ұсынуға саяды. Қызмет алушыларды биометриялық мәліметтер базасында тіркеу – ерікті түрде жүргізіледі. Азаматтар тиісті рәсімдерден кейін ғана саусақ пен бет-жүзі деректері негізінде мемлекеттік қызметтерді ала алады.

     Бұл жаңа сервистер – мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті арттырып, халыққа қызмет көрсету саласын цифрландыруға жасалған қадамдар.

     Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есептеу бағыты бойынша

    2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы төлемін тағайындау әдісі өзгертілді.

 Қайта есептеу қосымша құжаттарды талап етпестен жүргізілді, яғни, зейнеткерлер Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасамады, себебі зейнетақы жинақтарын беру туралы деректер базасында берілген ақпаратқа сәйкес зейнетақы және зейнетақы жинақтарында зейнетақыға қатысты мәселелер туралы ақпарат бар.

    Базалық зейнетақыны тағайындау 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты, әйелдерге 58 жастан 6 айға дейін, 63 жастағы ерлерге жалпы зейнеткерлік жасқа жеткен кезде жүзеге асырылады.

        Зейнетақы жүйесінде 10 жыл немесе одан аз зейнетақылық жарнаның мөлшері немесе оның жоқтығы күнкөріс минимумының 54%-ын құрайды құрайды және жыл сайын 10 жылдан асқан сайын оның мөлшері 2% -ға артады 33 жас және одан көп жұмыс өтілі бар ең төмен күнкөріс деңгейіне тең болады.

   Сондай-ақ, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап, бала кезінен бастап бірінші топ мүгедектігі үшін айлық мемлекеттік жәрдемақы енгізілді.

 Балалық шақтан бастап бірінші топ мүгедектігі бойынша жәрдемақы мөлшері 1.05 айлық жалақы мөлшерінде.

         Осы бес жыл ішінде халықтың мемлекеттік қызметтерді тағайындауға құжаттарды тапсыруын жеңілдету және қол жетімділігін арттыру мақсатында көптеген өзгерістер енгізілді.

Көпшілігі қызметтің проактивті және электрондық форматына ауыстырылды:

1) мүгедектікті белгілеуге байланысты Мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету (Мүгедектігі бойынша БЖТ, еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем; мүгедек баланың күтімі бойынша жәрдемақы);

2) мемлекеттік жәрдемақы және асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем тағайындау бойынша Мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету;

3) «Алтын алқа»,» Күміс алқа «алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы » ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметін проактивті көрсету»;

4) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау жатады.

Жасына байланысты зейнетақы төлеу, базалық зейнетақы төлемі, сондай-ақ БЖЗҚ төлеу композиттік қызмет көрсету қағидаты бойынша жүргізіледі, яғни алушы бір өтінішті бір мезгілде үш төлемге береді.

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен МК қызметкерлеріне зейнетақы төлемдерін проактивті тәсілмен тағайындау бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша пилоттық жобаны іске қосу айқындалды. Нұсқаулыққа сәйкес кадрлар бөлімі қызметкерлерінің іс-әрекеттері келесідей болуы керек:

Алматы қаласы филиалы жер кадастры желісі бойынша мынадай қызметтер көрсетеді: жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді, тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді, уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді, уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді дайындау және беру, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау, жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтер беру», сондай-ақ жобаланатын жер учаскесін мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу.

   Жылжымайтын мүлік желісі бойынша: міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу», ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрға енгізу, жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексерудің қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытынды беру және жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортының телнұсқасын беру қызметтері көрсетіледі.

Осы саладағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру бойынша жемісті жұмыс жүргізілді. Біз жер учаскесінің кадастрлық құнын анықтау бойынша композиттік қызмет көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асырдық, «жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау»мемлекеттік қызмет стандарты өзгертілді. Осының арқасында жер үшін құжаттарды алу мерзімі қысқартылды. Сондай-ақ, азаматтар бір уақытта жер учаскесінің бағалау құнын бекітуге өтініш бере алады, бұл оларға мемлекеттік корпорацияға қайта жүгінбеуге мүмкіндік береді.

«Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру» электрондық қызметіне жер учаскелерінің тиесілілігі туралы ақпарат, кадастрлық ақпарат беру, жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын және жер учаскесіне алғашқы құқық беретін құқық белгілейтін құжатты дайындау туралы 4 мемлекеттік қызмет біріктірілген.

Жылжымайтын мүлікке  құқықтар тіркеу бойынша. Өздеріңізге белгілі, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы заңда кейбір түзетулер қабылданып, олардың нәтижелері бойынша жылжымайтын мүлікке байланысты құқықтарды тіркеу бойынша қызметтер әділет органынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-на берілді. Осыған байланысты 2018 жылғы 30 шілдеден бастап Басқарма жылжымайтын мүлікке байланысты құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеуге алады, өзертеді және тоқтатады.

    Функциялардың мемлекеттік корпорацияға берілуімен көрсетілетін қызметтердің мерзімдерін, сондай-ақ тіркеу кезіндегі шығыстарды қысқартуға, сондай-ақ осы қызметтерді композиттік алуға мүмкіндік туды. Мұның бәрі әкімшілік кедергілерді жояды және тіркеу қызметтерін алу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.

         Автокөлік иелері үшін жасалған жағымды жаңалық – «Электрондық үкімет» порталында көліктерді тіркеу және көлік жүргізушісі куәлігін алмастыру қызметтері бойынша сервистердің іске қосылуы болды. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісін жетілдіру мақсатындағы қосылған сервис бойынша тиісті құжаттар бір сағат ішінде рәсімделеді.

      Жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстыру үшін электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭСҚ) қажет. Қызмет алушы еgov.kz порталында авторизациядан өткеннен кейін электрондық өтінішті толтырып, ЭСҚ-мен қол қоюы тиіс. Өтінішпен қоса фотосурет пен қойған қолының скан-суретін де жолдап, сондай-ақ мемлекеттік баж салығын төлеу керек. Айта кетейік, жүргізуші куәлігінің баж салығы 1,25 АЕК құрайды

  Қызметті онлайн тәртіпте рәсімдегеннен кейін жеке кабинеттегі «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінен толтырылған электрондық өтінішті және «Қызметтерді төлеу тарихы» бөлімінен мемлекеттік баж салығын төлеу туралы электрондық чекті басып шығару керек.

Сосын дайын құжатты алып кету үшін тұрғылықты жерде орналасқан мамандандырылған ХҚО-ға бара беруіңізге болады. Өзіңізбен бірге қағазға басып шығарылған өтініш пен чекті, ауыстыратын жүргізуші куәлігін, жеке басыңызды куәландыратын құжат, психиатрлық және наркологиялық диспансерден анықтама, 083-нысандағы медициналық анықтаманы апару қажет.

    Көлік құралын да онлайн тіркеуге болады. Бұған дейін көлікті сатушы мен сатып алушы өтінім беру үшін бір уақытта «Азаматтарға арналған үкіметтің» фронт-офисіне барып, қажетті құжаттарды тапсыруы тиіс еді. Енді азаматтар өтінімді үйден шықпай-ақ, онлайн тәртіпте жолдай алады.

   Қызметті онлайн алу үшін egov.kz порталында авторизациядан өтіп, сатылатын көлік жайлы ақпаратты енгізіп, айыппұлдар мен салық төлемдерін, техникалық жағдайын тексеруге сұраныс жолдау керек. Егер қарыздар болса, электрондық портал арқылы өтеуге болады.

     Мұнан кейін автокөлікті сатып алушы азамат электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеті арқылы сатушы қалдырған өтініммен танысып, айыппұлдарды тексергеннен кейін нөмір белгісіне, көлік құралын тіркеуге және тіркеу туралы куәлікке төлем жасай алады.

    Сатып алушы өзінің ЭЦҚ-мен смарт-келісімді растаған соң мамандандырылған ХҚО-ға нөмір белгісін алып кету үшін ғана келеді. Сондай-ақ нөмірді үйге жеткізу қызметіне де тапсырыс беруге болады.

  Сондай-ақ жүргізуші куәлігінің мерзімі өткенге дейін ауыстыру немесе жоғалтып алған жағдайда медициналық тексерістен өтудің және психиатр, наркологтан анықтама әкелудің қажеті жоқ.

Дегенмен, халық үйреніп қалған әдетінше мамандандырылған ХҚО-ға барғанды жөн санайды. Алматыда алғашқы мамандандырылған ХҚО ашылғалы бері 5 жылдың ішінде автокөлік иелеріне көрсетілетін қызмет көлемі бес есе артқан. Қала шекарасының кеңеюіне байланысты Алматы қаласы халқының саны бір жарым есе өсті. Сондай-ақ, мемлекеттік тіркеу нөмірін беру бойынша экстерриториалды қағидасы енгізілгеннен кейін көлік саны арта түсті. Тіркелетін транспорттың 50%-ін өзге қалалардан келген қызмет алушылар рәсімдейді. Бұл Саялы шағын ауданы мен Майлин к-сі, 85 мекенжайында орналасқан мамандандырылған ХҚО-лар жүктемесін көбейтті. Сол себепті, Алматыда тағы да Мамандандырылған ХҚО ашу қажеттігі туындады. Соңғы 5 жыл ішінде АвтоХҚО-лар саны 6-ға жетті. Соңғысы бір ай бұрын Сәтпаев көшесі, 90 мекенжайындағы Автодом ғимаратында ашылды.

 Мамандандырылған жаңа ХҚО-ларды ашу – көлік құралдарын тіркеуге, қайта тіркеуге және көлік жүргізуші куәлігін ауыстыруға ниетті азаматтар жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Жаңадан ашылған мамандандырылған ХҚО-ларда көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын мониторингтен өткізу мақсатында ахуал орталығына қосылған бейнебақылау камералары орнатылған.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсетуге көп көңіл бөлінеді, әсіресе қол жетімділікті жақсартады. Осылайша, корпорацияның фронт офистерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандустар мен шақыру түймелері, Брайль мәтіні бар ақпараттық белгілер, көру қабілеті нашар адамдарға арналған тактильді жолдар орнатылған.

Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі жұмысымыздың маңызы зор. Бұл пандустарға, инфрақұрылымға ғана емес, сондай-ақ жұмыс орындарын қамтамасыз етуге де қатысты. Алматы қаласының ХҚО–да мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа қабылдауда да жеңілдіктер қарастырылған. Есту, сөйлеу қабілеті шектеулі жандарға онлайн сурдоаударма қызметі көрсетіледі. Ымдау тілінің білікті маманы нақты уақыт режимінде арнайы қосарлы монитормен ымдау тіліне аудару арқылы түсіндіруді қамтамасыз етеді.1-2 топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың  үйіне барып қызмет көрсетіледі.  Ол үшін 1414 нөміріне қоңырау шалып өтінім қалдырады.

Кәсіпкерлер үшін

Мемлекет басшысы бизнесті жүргізуді оңтайландыру мақсатында дамыған 30 елдің қатарына кіруді тапсырғаны бәрімізге мәлім. Мемлекет басшысының бизнес-ахуалды түбегейлі жақсарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, ҚР Үкіметі жүйелі түрде жүргізген жұмысының нәтижесінде Қазақстанның «Doing Business» рейтингісінде позициясын жақсартуда, 10 көрсеткіштерге негізделген, оның ішінде кәсіпорындардың тіркелуін жеңілдететін көрсеткіштерді қосқанда, мүлікті тіркеу, құрылысқа және электр желілеріне қосылуға рұқсат алу, несие алу, миноритарлы инвесторлардың құқықтарын қорғау және т.б.  жүзеге асырылды.

Шағын және орта кәсіпорындарды тіркеу үшін ақыны алып тастау, тіркеу мерзімін қысқарту және компания мөрін пайдалану туралы талапты жою арқылы кәсіпорындарды тіркеу рәсімдерін жеңілдетті. Ол сондай-ақ сатушының және сатып алушының нотариалды куәландырған тіркеу құжаттарын  техникалық төлқұжат алу туралы талапты алып тастау  арқылы мүлікті беруді жеңілдетті.

ХҚО-ның негізгі оң қасиеттері, барлық азаматтар үшін бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету, бір жерде әртүрлі органдардан құжаттарды дайындау қызметтерін алу мүмкіндігін, сондай-ақ құжаттарды орындаушылар  мен азаматтардың арасындағы тікелей байланысын болдырмау болды. Осы жылы кәсіпкерлерге қатысты «бір өтініш» қағидаты іске қосылды. Ол бойынша Қазақстанда бизнесті www.egov.kz арқылы жылдам әрі оңай ашуға болады. Электрондық үкімет порталында кәсіпкерлердің игілігі үшін «Банктік шот ашуды және қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезінде жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыруды ескере отырып, заңды тұлғаны тіркеу» композиттік қызметі іске қосылды. Енді жеке ісін ашқысы келетін азаматтар үш қызметті бірден ала алады: заңды тұлғаны тіркеу, банктік шот ашу және сақтандыру туралы келісім-шарт жасау. Бұл мемлекеттік қызмет көрсету барысында «бір өтініш» қағидатын қолданудың үлгісі болып табылады.

Осы уақытқа дейін азамат заңды тұлғаны тіркегеннен кейін банктік шот ашып, ҚҚС бойынша есепке қою үшін салық органына, содан соң сақтандыру компаниясына баруы тиіс еді. Ал осы бірнеше қызметті біріктірген композиттік қызмет Қазақстанда бизнес ашу үрдісін айтарлықтай жеңілдетеді. Енді екі күннің ішінде (өтініш берген күнді есептемегенде) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуге алынғаны туралы куәлікті, банктік шот нөмірін және қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтау туралы қол қойылған келісім-шартты алуға болады.

Айта кету керек, бұл композиттік қызметті қолдану үшін құрылтайшылардың электрондық-цифрлық қолтаңбасы болып, порталда тіркеуден өтуі тиіс.

  Миграциялық ХҚО

 Сондай-ақ, Алматыда шетелдік азаматтарға мемлекеттік қызметтер көрсететін көші-қон қызметтерін көрсету орталығы ашылды. Миграциялық ХҚО-да құжаттарды қабылдау және тіркеу қызметтерін «Азаматтарға арналған үкіметтің» мамандары көрсетеді. Нәтижесінде, көші-қонға байланысты мемлекеттік қызметтер де «бір терезе» принципі бойынша бекітілген стандартқа сай ұсынылатын болды. Егер бұрын резидент емес тұлға 6 түрлі ұйымға (салық, полиция, аурухана, сақтандыру компаниялары, фото салондар және банктер) барып, әр жерде кезекке тұруға мәжбүр болса, қазір бұл қызметтер бір жерде және «бір терезе» қағидаты бойынша, кедергісіз қызмет көрсету стандарттарына сай көрсетіледі. Көші-қон қызметтері орталықтарының құзырына Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу, Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу, сондай-ақ ҚР аумағынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кетуге құжаттарды ресімдеу қызметтері жатады.

 Бұл жерде медициналық тексеріс пен дактилоскопиядан өтіп, сақтандыру полисін рәсімдеуге және жеке сәйкестендіру нөмірін алуға болады. Бұған дейін шетелдіктер Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат алу үшін бес күн жүрсе, енді рұқсатты бір сағаттың ішінде рәсімдей алады.

Азаматтардың цифрлық сауаттылық дағдыларын арттыру

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметіндегі басым бағыттардың бірі — «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында халық арасында электрондық портал арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді өздігімен пайдалана білуге үйрету және кеңінен насихаттау.

Мемлекеттік корпорация қызметкерлері азаматтарды цифрлық сауаттылыққа оқыту үшін «Электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер» арнайы оқу бағдарламасын әзірледі.

ХҚО-ларда мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуға және порталдарда жұмыс істеуге ниет білдірушілердің барлығын оқыту үшін секторлар жабдықталған азаматтардың egov.kz, elicense.kz  бойынша цифрлық сауаттылығын арттыру үшін фронт-офис қызметкерлері тегін оқыту жүргізеді. Мұнда тілек білдірушілер аптасына алты күн Электрондық үкімет порталын пайдалану және Мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу дағдыларын арттыра алады. Сонымен қатар, біздің мамандар ұйымдар мен мекемелерге, оқу орындарына барып оқу өткізеді. Барлығын өз бетінше жасағысы келетін egov-қа өтінім беру бойынша көрсетілген қадамдық нұсқаулықтардың парақшалары таратылады.

Мүдделі мемлекеттік органдармен бірге тұрақты негізде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының ақпараттық-түсіндіру жұмысы, сондай-ақ адамдар көп жиналатын жерлерде (сауда орталықтарында, Медициналық және білім беру мекемелерінде және т.б.) электрондық үкімет порталының сервистерін пайдалану бойынша кең ауқымды акциялар өткізіледі.

    Аталған игі шаралар тек мемлекетіміздің өсіп-өркендегенін, барынша дамыған ірі елдер қатарына кіруге күш жұмсап, еңбек етіп жатқандығын ғана көрсетіп қоймайды, бұл ілгерілеушілік «Басты байлығымыз – халықтың қамы мен жағдайын жақсарта түсу» екендігін дәлелдей түседі. Яғни, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы азаматтардың уақытын үнемдеуді көздеп, қызметтерді жылдам әрі тиімді жалғастыру үстінде. Халыққа цифрлық қызмет көрсетуде корпорацияның бүгiнгi тыныс-тiршiлiгi мен бағыт-бағдарында көңiлге қонымды iстер көп.

Пандемия кезіндегі филиал жұмысы

Коронавирус пандемиясына және Қазақстанда төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты ХҚО-лардың жұмысы 2020 жылғы 26 наурыздан бастап тоқтатылды және өткен жылдың 4 мамырынан бастап біртіндеп ашыла бастады. Қатаң карантин жағдайында ХҚО-ның неғұрлым тәжірибелі және даярланған қызметкерлері 1414 байланыс орталығының кеңесшілерімен қатар азаматтарға мемлекеттік қызметтерді онлайн-форматта алу кезінде консультациялық көмек көрсетті. Сонымен қатар, 21 наурызға дейін ХҚО-ға құжаттарын тапсырып үлгерген азаматтар үшін қаланың Бір ХҚО-да дайын құжаттарды беру үшін бір терезе жұмыс істеді. Автокөлікті қайта тіркеген немесе жүргізуші куәлігін онлайн ауыстырған автокөлік иелері Майлин көшесіндегі мамандандырылған ХҚО-да дайын құжаттар мен нөмірлерді беру терезесі  жұмыс істеді. Филиал қызметкерлерінің жартысы үйден онлайн жұмыс істеді және бейне қоңырау бойынша қала тұрғындарын мобильді азаматтар базасында тіркеді және электрондық-цифрлық қолтаңба берді. Республика бойынша Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері карантин кезінде 6,2 миллионнан астам қоңырауға жауап берді, Жеке және заңды тұлғалар үшін 1,8 миллионнан астам ЭЦҚ растады және мобильді азаматтар базасында 2 миллионнан астам қазақстандықты тіркеді. Операторлар барлығы 7,1 млн астам бейне қоңырау қабылдады. Карантин кезінде Мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік бөлімшесінің үш мыңға жуық қызметкері төтенше жағдай кезінде тәулігіне 14 сағаттан, кейде тіпті демалыссыз жұмыс істеді. Олардың арқасында барлық 2,2 миллион зейнеткер уақытында зейнетақы алды, жәрдемақының барлық 43 түрі алушыларға жетті, ал карантин кезінде кірістерін жоғалтқандардың барлығына 42500 төлем төленді.

ТЖ режимі кезінде PR-менеджердің басшылығымен арнайы топ құрылды, төлемдерді  және  мемлекеттік қызметтерді онлайн алу бойынша азаматтардың сұрақтары мен әлеуметтік желілердегі жазбаларына  түсініктемелер берді. Коронавирус пандемиясы жағдайында қала ХҚО-лары қызмет алушыларды жаңа ережелер бойынша қабылдады. ХҚО ғимаратына кіру қатаң түрде бетперде киіп жүзеге асырылды. Қашықтықты сақтау үшін 1,5 – 2 метрлік белгілер сызылған. Әрбір ХҚО-да санитайзерлер бар. «Азаматтарға арналған үкімет» басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, порталда электрондық өтініш беру арқылы кейбір қағаз қызметтерді қашықтан алуға өтініш беру мүмкіндігін қарастырды, сондай-ақ, үйде қызмет алатын адамдардың тізімі кеңейтілді. Егер бұрын ХҚО қызметкерін тек ерекше қажеттіліктері бар, мүгедектіктің I немесе II тобы бар адамдар және ҰОС ардагерлері шақырса, карантин кезінде мұны 65 жастан асқан азаматтар да жасай алды. Бұл қалада бірқатар шектеу шараларының енгізілуіне байланысты болды. Атап айтқанда, 65 жастан асқан адамдардың қозғалысы шектеулі. Мемлекеттік корпорация қызметкерін үйге шақыру үшін азамат немесе оның қамқоршысы 1414 Бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалып, қызмет алуға өтінім қалдырды. Содан кейін онымен филиал мамандары хабарласады, құжаттардың толықтығын нақтылайды және мемлекеттік қызметті үйде көрсету күні мен уақытын белгілейді. Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып қызмет көрсетті. Барлық мамандар маскалар мен антисептиктермен қамтамасыз етілді. Қызмет алушылармен байланысты азайту үшін ХҚО мамандары холлдан әрі өтпеді және әлеуметтік қашықтықты сақтады.

«Азаматтарға арналған үкіметй мемлекеттік корпорациясы филиалының жұмыс перспективалары

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қазіргі уақытта Президенттің «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру бағытында жұмыс істеуде. Қызмет көрсету және өтініштер қабылдау бойынша бірыңғай терезе құру, ХҚО жұмысының сапасын арттыру, желіні басқару, халықты белсенді қызметтермен толыққанды қамту, сыртқы және ішкі кандидаттар қатарынан жаңа ойлай алатын қызметкерлерді жұмысқа тарту жөніндегі міндетті алға қойып отыр.

Тұжырымдаманы іске асыру бойынша жұмыстардың бірі — QR-кодтың көмегімен ХҚО жұмысының сапасын бағалау жүйесі. Қызмет алушылар қызмет көрсету процесіне, бөлімнің инфрақұрылымына және сервистік мәдениетке қатысты пікір қалдыра алады. 15 бөлімнің әрқайсысында келушілер QR-коды бар орнатылған стендтерді таба алады. QR-кодтарды оқитын қосымшаны пайдалана отырып, клиенттер өз смартфонындағы сауалнамасы бар бетке лезде өте алады. Азаматтар оператордың жұмысына қанағаттанғанын, оларға қызмет көрсету ыңғайлы болғанын, қажетті ақпарат алғанын және т. б. айта алады. Сонымен қатар, қызмет алушылар өздері барған бөлімнің фото немесе бейнематериалын тіркей отырып, тілектері мен пікірлерін қалдыра алады.

Сауалнамадан Мемлекеттік корпорацияның  gov4c.kz  ресми интернет-ресурсында кері байланыс бөлімінде да өз бетінше өтуге болады.

Кері байланыс бізге қызмет алушылардың мемлекеттік корпорацияның қызметі туралы пікірін білу және олардың қанағаттану деңгейін анықтау үшін қажет. Сондай-ақ, сауалнама нәтижелері бөлімдердегі кемшіліктерді анықтап, оларды тез арада жоюға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде АГДС-пен бірлесіп, апта сайын мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылауға азаматтық қоғамды тарта отырып қабылдау жүргіземіз. Мұндай қабылдаулар ХҚО жұмысының сапасын арттыруға ықпал етеді.

Президенттік Жастар кадрлық резервін маштабтау бағыты бойынша, болашақта кәсіпқойлардан құралған мықты команда болу үшін,  корпорацияда таланттар пулы құрылуда.  Қатысуға ниет білдірген әрбір адам өтініш бере алады. Резерв жұмыс істеп тұрған қызметкерлерден ғана қалыптастырылмайды. Жобаға жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар қатыса алады. Үміткерлер үшін ғылыми дәреженің болуы резервке алу кезінде артықшылық болады.

Осылайша, сыртқы және ішкі кандидаттар қатарынан жаңа ойлау қабілеті бар қызметкерлерді жұмысқа тартатын болады.

Филиал Алматы қаласының мемлекеттік органдарымен және жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимыл бойынша белсенді жұмыс жүргізеді.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің жоғары кәсіби деңгейі туралы мәселені шешу үшін Алматы қаласы бойынша филиалмен біліктілікті даярлау және қайта даярлау шеңберінде (атап айтқанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен, Қазақ ұлттық аграрлық университетімен, «Еуразиялық технологиялық университеті» ЖШС және т.б.) ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды.

Меморандум аясында білім, ғылым және мәдениет саласында өзара қызығушылық тудыратын ақпаратпен жедел алмасу үшін. ЖОО-ның көптеген студенттерін филиалға тағылымдамаға жібереді. Оның арқасында студент болашақ мамандығымен танысады, оның негізгі сәттері, практикалық функциялары туралы біледі, белгілі бір әрекеттерді дұрыс орындауды және оларды бақылауды үйренеді. Оның одан әрі тағылымдамадан өткен кәсіпорынға жұмысқа орналасу мүмкіндігі пайда болады. Филиал қызметкерлері сияқты аталған жоғары оқу орындарында да біліктілікті арттырудан өтеді.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету үшін Филиал «Нұр Отан» партиясымен, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен тығыз байланыста.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде алдын алу мақсатында Алматы қаласының прокуратурасымен, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен, сондай-ақ Алматы қаласының құқық қорғау органдарымен тұрақты түрде семинарлар, азаматтарды бірлескен қабылдаулар өткізе отырып, меморандумдар жасалды.

Мемлекеттік корпорацияның Стратегиялық жоспарына сәйкес Филиал өз құзыреті шеңберінде халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетеді. Бұдан басқа, кез келген азамат үйден шықпай-ақ қажетті құжаттарды ала алуы үшін мемлекеттік қызмет көрсетудің электрондық нысанын дамыту бойынша жұмысты жалғастырады.

         Жалпы, корпорация барынша жа­риялы түрде жұмыс істеуде. Мемлекеттік корпорация туралы барлық ақпаратты біздің gov4c.kz корпоративтік сайтынан алуға болады. Әлеуметтік желілерде де корпорацияның ресми аккаунт­тары бұқарамен байланыс үшін ашылған.

АНЫҚТАМА:

Филиал 2016 жылғы 8 сәуір мен 2021 жылғы 31 наурыз аралығындағы кезеңде 15 086 876 Мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде дәстүрлі тәсілмен – 10 068 837, электрондық тәсілмен – 5 018 039.

әлеуметтік қамсыздандыру бағыты бойынша – 239 362 қызмет көрсетілді;

жер кадастры желісі бойынша анықтама-103 288;

техникалық тексеру желілері бойынша-429 110;

жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша анықтама – 5 637 76;

Мамандандырылған ХҚКО бойынша  — 2 991 091 қызмет көрсетілді, оның ішінде:

Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, есепке алу және есептен шығару, сондай — ақ көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктер мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру-2 451 331.   Жүргізуші куәліктерін беру-538 625.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑