Ирандық қандастар Солтүстік Қазақстан облысына қоныстанды - Шалқар газеті
banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 22 сентября, 2021 | қосқан shalqar | 279 рет оқылды

0

Ирандық қандастар Солтүстік Қазақстан облысына қоныстанды

Иранннан келген қандастарымызға Нұр-Сұлтан қаласының көрікті жерлеріне экскурсия өткізіліп, арнайы ас берілді. Енді олар мемлекет ұсынатын өңірлік квота аясында Солтүстік Қазақстан облысына қоныстанады.

Бұған дейін 14 қыркүйекте Қазақстанға қоныс аударушылардың алғашқы легі келген еді. Барлық 13 адам (3 отбасы) Солтүстік Қазақстан облысына орналастырылды.

Аталмыш көш ҚР Сыртқы істер министрлігі, Еліміздің Ирандағы Елшілігі және Горган қаласындағы Бас консулдығы мен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және «Отандастар Қоры» КЕАҚ ұйымдастыруымен, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің қолдауымен жүзеге асырылуда.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑