banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 1 сентября, 2021 | қосқан shalqar | 893 рет оқылды

0

Мемлекет басшысы Тіл туралы

Бүгін Қазақстан Президенті Қасымжомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты  халыққа Жолдауын жариялады. Ол  өз Жолдауында елдегі Тіл және ұлтаралық мәселеге де тоқталды.

Тоқаевтың айтуынша, Контитуцияға қарсы қадамдарға елімізде жол жоқ. Сонымен қатар, қазақ тілін дамыту негізгі бағыт екенін жеткізді.

– Қазақ тілі – мәдениет пен іс жүргізу тіліне айналды. Жалпы мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңейіп келеді. Бұл заңды құбылыс. Сондықтан қазақ тілінің өрісі тым шектеліп бара жатыр деуге негіз жоқ. Ата заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар – қазақ тілі!

Болашағын Отанымен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қойғаны жөн. Бұл отаншылдықтың басты белгісі деуге болады.

Президент зайырлы Қазақстанның егемендігі мәңгілік екенін баса айтты. Сонымен қатар Қазақстанда этнос аралық мәселе туындамайтынын, алауыздыққа қарсы ел екенімізді тілге тиек етті.

– Бірлігімізді сақтау керек. Этносаралық және конфессияаралық қатынастың қаншалықты маңызды екенін барлық азаматтарымыз түсінуі қажет. Біз қашанда алауыздыққа қарсы тұрған елміз.

Президент орыс тілінің рөлін де атап, оның маңызы туралы айтты.

– Жастарымыз өзге тілдерді, оның ішінде орыс тілін жетік меңгерсе, одан еш ұтылмайды. Орыс тілі – БҰҰ ресми алты тілдің бірі. Сондықтан бұл мәселеге парасаттылықпен қарау қажет. Біз Отанымыз және барлық азаматтарымыз үшін жауапкершілікті сезінуіміз қажет, – деді.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑