Қазақстан құр..." /> "Олимпиадашылардың киген костюмнің ішіндегі ең әдемісі" - Шалқар газеті

banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 24 июля, 2021 | қосқан shalqar | 463 рет оқылды

0

«Олимпиадашылардың киген костюмнің ішіндегі ең әдемісі»

Қазақстан құрамасы Токиодағы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында жанкүйерлерді тамсандырып, Қамшыбек Қоңқабаевпен бірге еліміздің туын көтеріп шыққан Ольга Рыпакваның киім үлгісін көпшілік жылы қабылдады, деп жазады Olympic.kz.

Олимпиаданың ресми түрде ашылуына бірнеше күн қалғанда танымал Forbes журналы үздік олимпиадалық форманың 8 дизайнын анықтады. Журналдың шолушысы Стефан Рабимов түзген үздік униформалар рейтингінде Қазақстан командасының формасы да бар.
Үздік формалар тізіміне #teamKZ атлеттерінен бөлек, АҚШ, Либерия, Ресей, Чехия, Қытай, Оңтүстік Африка және Жапония командаларының формасы енген.
Біздің команда формасын сипаттай келе, автор түстердің жақсы үйлесім тапқанына, ең бастысы – жобадағы командалық жұмыстың жоғары болғанына ерекше назар аударады. Өйткені, форманы дайындау барысына спортшылар да қатысқан.

Маталарды таңдау кезінде жылдың осы уақытындағы Жапонияның климаттық ерекшеліктері де ескерусіз қалмады. Олимпиадалық киімдер ауаны жақсы өткізеді, ылғалды сіңіреді, тез кебеді және аллергия тудырмайды. Салтанатты киімнің негізгі түстері – көк, көгілдір және ақ түсті…

фото ашық дереккөзден

Киімнің дизайнері – Salta брендімен танымал Салтанат Баймұхамедова. Қазақстандық атлеттерге арналған спорттық киім үлгісін испандық Joma компаниясы жасады.

Әлем көретін додадағы қазақстандық киім үлгісінде ұлттық нақыш элементтері көрініс тапқанда, тіптен жарасып кетер еді… Икемді, жарасымды, түстердің жарасым тапқаны жақсы, дегенмен ұлттық колориттің көрінбегені өкінішті.

Дегенмен, ту ұстаушы спортшыларымыз осы олқылықтың орнын толтырды. Қазақтың ұлттық нақышымен безендірілген киіммен шыққан ту ұстаушыларымызға әлемнің назары ауғанын мақтанышпен айта аламыз.

Токио ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан командасы боксшы Қамшыбек Қоңқабаев пен жеңіл атлет Ольга Рыпакова бастап шықты. Олардың киім үлгілері Ұлттық олимпиада комитетінің тапсырысы бойынша арнайы тігілді. Киім үлгісін дайындау барысына Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік мұражай өнерінің мамандары атсалысса, дизайн және киімді тігумен танымал алматылық модельер Виолетта Иванова айналысты.

фото ашық дереккөзден

Әдемі көйлек Ольга Рыпакованың сымбатын одан әрі арттыра түсті. Шетелдік жанкүйерлер де олимпиада чемпионының киім үлгісін жоғары бағалап, мақтау сөздерін жаудыруда.

«Олимпиадашылардың киген костюмнің ішіндегі ең әдемісі. Мен Жапонияданмын. Сіздің командаңызға ойында сәттілік тілеймін».

«Мен Италияданмын. Бұл қыз мен үшін ең әдемі ту ұстаушы».

«Ол керемет. Атын білсе бола ма?».

Сондай-ақ, жанкүйерлер ҰОК Instagram парақшасының Direct-не тоқтаусыз жазып жатыр.

«Сондай әдемі! Көптеген жапондықтар осылай ойлайды».

Одан бөлек, біздің спортшылар мен ту ұстаушылар олимпиадашылар шеруіне дейін де, кейін де көпшілік назарында болды. Олимпиадалық ауылдағылардың барлығы дерлік біздің Рыпакова және Қоңқабаев сынды спортшыларымызбен суретке түсуге асықты, — деп жазды Olympic.kz.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑