Президент 2021 жылы рақымшылық жасалат..." /> Президент 2021 жылы рақымшылық жасалатынын мәлімдеді - Шалқар газеті

banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 29 октября, 2020 | қосқан shalqar | 165 рет оқылды

0

Президент 2021 жылы рақымшылық жасалатынын мәлімдеді

Президент 2021 жылы рақымшылық жасалатынын мәлімдеді. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды. Президент полиция қызметін цифрландыру, заңсыз есірткі айналымымен күресті күшейту, түзету жүйесінің жағдайын жақсарту керек екенін мәлімдеді.

Елдегі күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайда қылмыстың өршуіне және түрме «тәртібінің» таралуына мүлде жол беруге болмайды. Ондағы жағдайдың аса мәз емес екені мәлім. Бас бостандығынан айырмай жазалауға қатысты түйткілдер бар. Министрлік қылмыстық-атқару жүйесіндегі мәселелерді шешу бойынша нәтижелі жұмыстар көрсетуі керек, – деді Мемлекет басшысы.

Президент келесі жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, заңға сәйкес азаматтар мен тұтастай мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстар үшін жауапқа тартылғандарға рақымшылық жасалатынын мәлімдеді.

 

Кілтсөздер: ,




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑