banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 15 июня, 2021 | қосқан shalqar | 105 рет оқылды

0

Инвесторларға жеңілдіктер беріледі

Бұл туралы ҚР ББЖ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков  Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен «Туристік қызмет туралы заңнамаға қабылданған түзетулер туралы» онлайн-конференциясында айтты.

«Басымдық туристік аймақтар инвесторлар үшін ерекше жеңілдіктерге ие болады және елдегі қалған қазақстандықтарды ынталандырады»,- деді төраға

Атап айтқанда, «инвесторға корпоративтік табыс салығынан, қосымша құн салығынан, жер салығынан босату және жер учаскелері түрінде заттай грант ұсыну түрінде инвестициялық жеңілдіктер беріледі. Инвесторларды қызықтыру үшін заңда осы преференцияларды алу үшін ең төменгі инвестиция көлемін 200 мың АЕК-ке дейін төмендету қарастырылған. Қазақстаннан демалушылар туристік пакет шеңберінде 14 жасқа дейінгі балалар әуе билеттерінің құнын субсидиялау жүйесін енгізуге байланысты ТОП-10 аумағында демалу артықшылықтарын сезінеді»- деп төраға алдағы жоспарларымен бөлісті.

 

 

 

 

 

 




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑