banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 21 января, 2022 | қосқан shalqar | 115 рет оқылды

0

Семей ядролық полигоны туралы тарихи телехикая жүлделі болды

Семей ядролық полигоны туралы тарихи телехикая Мәскеу Ресей Халықаралық Кинофестивалінің «Үздік телевизиялық мини-сериал» номинациясының жеңімпазы атанды

«Хабар» Агенттігінің «Полигон» фильмін қазақстандық кинорежиссер Ахат Ибраев түсірді. Саяси детектив Семей ядролық полигонының жабылу тарихы туралы баяндайды. Телехикая ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының соңында орын алған оқиғаларды сипаттайды.
Сериалдың басты рөлдерінде Азамат Сатыбалды, Ерлан Біләл, Жандарбек Садырбаев, Сергей Матвеев, Денис Анников сынды танымал актерлер өнер көрсетті.
Мәскеу Ресей Халықаралық Кинофестивалінің төрешілері командасына Ресей, Германия, Канада, Австрия, Испания, Мексика, Швеция және Грецияның кәсіби кинематографистері енді. Кино саласының мамандары барлық ұсынылған фильмдерді жоғары бағалады. Ең көп ұпай жинаған фильмдер ресми конкурсқа қатысу үшін іріктеуден өтіп, қазылар алқасы әр номинацияның үздік фильмдерін анықтады.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑