Талантты жастарға «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты 30 грант беріледі
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында түрлі жобалар мен жаңа идеяларды іске асыру үшін талантты жастарға арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты 30 грантты беру жөнінде брифинг өтті. Шараға ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов қатысты.
Ш.Баймановтың айтуынша, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттары талантты жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында жыл сайын берілетін болады. Үміткерлердің конкурстық өтінімдерін қабылдау 19 шілдеден басталып, 2021 жылдың 20 қыркүйегіне дейін жалғасады.
«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде «Ғылым», «Мәдениет», «Бизнес», «Ақпараттық технологиялар», «Медиа» бағыттары бойынша өз жобалары мен жаңа идеяларын іске асыру үшін дарынды жастар өкілдеріне 30 грант беру жоспарлануда», — деп атап өтті Комитет төрағасы.