2021 жылдың бес айында отандық ..." /> Тері экспортынан отандық өндірушілер пайда табуда - Шалқар газеті

banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 9 августа, 2021 | қосқан shalqar | 463 рет оқылды

0

Тері экспортынан отандық өндірушілер пайда табуда

2021 жылдың бес айында отандық иленген былғары мен ірі қара малдың терісінен жасалған былғары крастын сатудан түскен экспорттық түсім 2,4 млн АҚШ долларға жетті. Бұл өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 73,3% — ға жоғары. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ мамандарының айтуынша, былғары илеу және өңдеу кәсіпорындары еліміздің 11 өңірінде орналасқан. Осы саладағы кәсіпорындардың көпшілігі Шымкент қаласында шоғырланған (7 кәсіпорын).




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑