banner-top12

Әлем жаңалықтары

Уақыты 31 июля, 2021 | қосқан shalqar | 565 рет оқылды

0

Түркиядағы орман өртінде құрбандар бар

Түркияда 17 уәлаятта 53 жерде орман өрті шықты, 38 орман өрті сөндірілді.

Түркияның оңтүстігі алаулаған өртпен күресуде. Өрт апатында 4 кісі қаза тапты.

Анталияның Манавгат ауданы, Адана, Османие, Мерсин, Кайсери, Күтахия және Мугланың Мармарис, Милас және Бодрум аудандарында орман өртеніп жатыр.

Ауыл шаруашылығы және Орман министрі Бекир Пакдемирли, Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Қоршаған орта және Қала министрі Мұрат Кұрұм Манавгат ауданындағы Орман өртін басқару орталығында журналистерге өрт жайлы мәлімет берді.

Министр Бекир Пакдемирли 27-28 шілдеде Түркияда 17 уәлаятта 53 жерде орман өрті шыққанын, 38 өрттің басқаруға алынғанын жариялады.

Пакдемирли 4 кісі қаза тапқан өрттерде 3 ұшақ, 38 тікұшақ, 472  дала көлігі және 4 мың қызметкер өртпен күрескенін айтып:

«Өрттің шығу себебіне байланысты тергеулер әскери күштер мен әділет органдары тарапынан жүзгізілуде» деді.

Дерек көзі: https://www.trt.net.tr/kazakh/turkiia/2021/07/30/turkiiada-shyk-k-an-ort-apatynda-4-kisi-k-aza-tapty-1682422




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑