banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 15 мая, 2021 | қосқан shalqar | 99 рет оқылды

0

«Халыққа қызмет – маңызды міндет» интерактивті жобасы іске қосылды

ҚР АҚДМ дін істері комитеті Дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру үшін тікелей эфирлер өткізеді, — деп хабарлайды халықаралық Shalqar kz ақпараттық порталы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Instagram алаңында «Халыққа қызмет – маңызды міндет» интерактивті жобасы іске қосылды.
Жобаның шеңберінде дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, сондай-ақ халықтан кері байланыс алу мақсатында ҚР АҚДМ Дін істері Комитеті қызметкерлерінің әлеуметтік желілердегі тікелей эфирлері және басқа да жарияланымдарын тұрақты түрде ұйымдастыру жоспарланған.
Жаңа жоба аясында бірінші болып Комитеттің діни қызмет саласындағы құқық қолдану практикасы басқармасының басшысы Беимбет Манетов тікелей эфирге шықты. Ол азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет қабылдап жатқан шаралар мен діни қызмет саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік туралы айтып берді.
«Халыққа қызмет – маңызды міндет» жобасы @qogam.kdr инстаграм парақшасында өтіп тұрады.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑