banner-top12

Айтарым бар

Уақыты 17 марта, 2021 | қосқан shalqar | 1 149 рет оқылды

0

ХҚО жанында жүретін «делдалдарға» жүгінбеңіздер

Қазақстандық ХҚО-лар маңынан  «делдалдарды» жиі кездестіруге болады. Олар электрондық қызметттерді алуды жеделдетеміз, жеңілдетеміз деп өз қызметтерін ақылы түрде ұсынып жатады. АвтоХҚО-лар маңында да «сақтандырушылар» атын жамылып делдалдар жүреді. Құқық қорғаушылар құрығына ілініп, жазаланып жатқаны да аз емес. Бұл жағдай «Азаматтарға арналған үкіметке» белгілі болғанымен, оның жолын тыю оңай болмай тұр. Қазір «делдалдарға» қатысты мәселе барлық деңгейдегі тиісті орындарда қарастырылып, құқық қорғау органдары жұмылдырылған.

Жақында Саялы шағынауданындағы АвтоХҚО-ның көлік құралдарын тіркеу қызметі Автодом ғимаратына көшкені белгілі. АвтоХҚО-ны төңіректеп жүрген «делдалдар» енді автодомды жағалай бастады. Осыған дейін автодомда отырған «сақтандырушылар» және Автоцонға ілесе келген «делдалдар» арасындағы жаға жыртысу сәті де  қызмет  алушылардың бейнетаспасына түсіп, автоцон атына кір келтіруде…

«Делдалдардың» жаппай пайда болу себептерінің бірі – электрондық сандық қолтаңба. Көбісі ЭЦҚ-ны қалай пайдалану керектігін және оны қайдан алу керектігін түсінбейді немесе білмейді. Пандемия жағдайы азаматтардың онлайн қызметті еріксіз онлайн алуына мәжбүрледі. Сондықтан, өткен жылы Цифрлық даму министрі eGov mobile қосымшасында тіркелу кезінде биометрияны іске қосу бойынша басым міндетті анықтады. Бұл халыққа бір минут ішінде өз смартфонынан ЭЦҚ мен қажетті анықтаманы алуға мүмкіндік берді. Бүгінде қосымша барлығына қолжетімді. Сондықтан, Азаматтарға арналған үкімет сол қосымшаны пайдалануға кеңес береді.

ХҚО жұмыс кестесіндегі шектеулер де «делдалдардың» жұмысын қыздыра түсті. Пандемия кезінде ХҚО-да қызмет көрсету СЭС бекіткен кесте бойынша жүргізілді.Жұмыс уақытында қызмет алуға үлгермегендер оны алу жолдарын табуға тырысты, осылайша кәсіпкерліктің жаңа түрі пайда болды («көмектесушілер» немесе «делдалдар»)…

Қазір ХҚО-ларда eGov-бұрыштары мен өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары жұмыс істейді және қызметтің шамамен 50% — ы осы сектор арқылы өтеді. Онда ХҚО мамандары үйден шықпай-ақ қандай да бір мемлекеттік қызметтерді  тегін алуды түсіндіреді. Өткен жылы республика бойынша аталған секторда 9,2 млн қызмет көрсетіліп,  7,3 млн адам өз бетінше қызмет алған.

ХҚО-да азаматтардың дербес мәліметтерін таратады деген әңгімелер де жиі айтылып қалып жатады. Ол жалған ақпарат.  Клиенттер өздері «делдалдарға» жүгініп, қарапайым әрекеттерді орындау үшін өзінің мәліметтерін ұсынады.

«Біз азаматтарға БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы,  бөгде ұйымдардың қызметіне жүгінбеуін үнемі ескертіп отырамыз. Мұның бәрін үйде, жұмыста өз бетінше ресімдеуге болады. Егер сіз білмесеңіз, біз үйрете аламыз. YouTube арнасында біздің бейне нұсқаулықтарымыз бар. «Делдалдарға» жүгіну дербес деректердің жоғалуына немесе олардың дұрыс пайдаланылмауына әкеп соғуы мүмкін. Оның мысалдары жоқ та емес. Мәселен, Астана ХҚО-сы маңындағы делдалдарға жүгінген әйел, артынан оның ЭСҚ-сын пайдаланып, үйіне 3-4 адамды тіркеп тастағанын білді… Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, делдалдық жасап жүрген жандармен  тиісті органдар айналысады деп үміттенеміз. Азаматтарға айтарымыз, «делдалдарға» жүгінбей, тікелей ХҚО-дан қызмет алыңыздар», — дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының баспасөз қызметінің басшысы Жаңыл Әпетова.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑