banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 22 мая, 2022 | қосқан shalqar | 339 рет оқылды

0

Шымкентте үшемді дүниеге әкелген әйел жарылыс салдарынан сәбиінен айырылды

Оның айтуынша, төтенше жағдай салдарынан барлығы 8 адам зардап шеккен. Олар перзентхананы интернетпен қамтамасыз еткен төрт маман, бір медбике және екі жұмысшы. Жарылыстан бірнеше сағат өткен соң 1 жұмысшы қаза тапты.

Шымкентте «Интергоспитал 138-дәріхана» ЖШС компаниясына тиесілі ғимарат жарылған болатын. Оның жалпы ауданы 360 шаршы метрді құрайды. Жарылыс пен өрт салдарынан 130 шаршы метр аумақ опырылған.

Бұған дейін үш адамның қайтыс болғаны, оның ішінде жаңа туған нәресте туралы хабарланған болатын.

Пашимов сондай-ақ қайтыс болған нәрестенің үшем болып дүниеге келгенін айтты.

“Бірінші бала таңертең, тіпті жарылыс болғанға дейін қайтыс болды, екіншісі жарылыс салдарынан қайтыс болды, сондықтан бір нәресте ғана тірі қалды”,- деді Пашимов.

“Жарылыстан кейін босанған әйелдер мен сәбилерге көмектесуге тек перзентхана қызметкерлері ғана емес, қарапайым тұрғындар да ағылды”,- деп қосты денсаулық сақтау басқармасының басшысы брифингте.

Оның айтуынша төтенше жағдайды көргендер өз көліктерімен әйелдер мен балаларды басқа ауруханаларға жеткізуге көмектескен. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы жарылыс болған перинаталдық орталықтың қызметкерлеріне алғысын білдіріп, бірде-бір қызметкердің оқиға орынынан кетпей өмірлерін тәуекелге тіккендерін айтты.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑