banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 16 августа, 2021 | қосқан shalqar | 1 120 рет оқылды

0

Экстракорпоралдық ұрықтандыруды кімдер тегін жасата алады?

Елімізде жасанды жолмен бала табатындар саны жылдан жылға артып келеді.

Биыл жыл басынан бері 2 300 әйелге жасанды ұрық салынған. Оларға «Аңсаған сәби» жобасы арқылы 2 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалған.  Бұл квоталар тек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы қаржыландырылады. Ал қорға тіркелмеген немесе жарна төлемейтіндер үшін экстракорпоралдық ұрықтандыру рәсімі ақылы.

МӘМС арқылы ЭКҰ жасатуға Қазақстанның 18 бен 42 жас аралығындағы әйелдері өтініш бере алады. Алдымен, пациент қызмет көрсететін медициналық ұйымды таңдайды. Кейін жоғары технологиялық медициналық қызметтер комиссиясының қорытындысын алу үшін тіркелген жері бойынша өзінің учаскелік дәрігеріне жүгінеді. Ал дәрігер пациентті бедеуліктен зардап шегетін диспансерлік науқастардың электрондық тізіміне енгізеді. Тиісті тексеруден кейін бедеуліктің себептері анықталған жағдайда, учаскелік дәрігер пациенттің құжаттарын МӘМС есебінен жоғары технологиялық медициналық қызметтер жөніндегі комиссияға жібереді. Соңғы қадам пациентті емдеуге жатқызу бюросы порталында жүргізіледі. Қызмет алудың басталу күні мен уақыты хабарланып, барлық дерек медициналық ақпараттық жүйеге енгізеді.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда биылдан бастап ЭЛҰ әдісіне бөлінетін квота саны  жеті есеге өскен.

 




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑