banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 27 мая, 2021 | қосқан shalqar | 394 рет оқылды

0

Қазақстанда уақытша болу мерзіміңіз өтсе, 5 маусымға дейін елден шығып кетіңіз

Құжатының жарамдылық мерзімі өткен шетелдіктер 5 маусымға дейін Қазақстаннан шығуы тиіс. Алматы қаласының көші-қон қызметі осындай ескерту жасады, — деп хабарлайды Shalqar. kz.

Коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, шетелдіктерге Қазақстанда уақытша болуға арналған рұқсаттарының мерзімі 5 маусымда аяқталады. Бұл уақытқа дейін жол жүру құжаттарының, шетелдіктің елде тұру ықтиярхатының, Қазақстан Республикасының визаларының, елде уақытша болудың рұқсат етілген мерзімі өтіп кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан аумағынан шығуы тиіс. Осы аралықта шекарадан өткен кезде олар ешқандай әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑