Қазақстанда 3000 шетелдік азамат кіргізген көлік бар - Шалқар газеті
banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 16 августа, 2021 | қосқан shalqar | 109 рет оқылды

0

Қазақстанда 3000 шетелдік азамат кіргізген көлік бар

  Мемлекеттік кіріс органы мәліметінше, қазір Қазақстанда 3 000 шетелдік азамат кіргізген көлік бар. Олардың барлығы да мерзім аяқталған соң елден шығарылуы тиіс. Қазақстан аумағында шетелдік азаматтардың ЕАЭО құрамына кірмейтін елден алып келген көлігін басқару мерзімі 30 қыркүйекке дейін ұзартылды.

   Кеден заңнамасына сәйкес, шетел азаматтары көліктерін Қазақстанға және ЕАЭО-ның өзге елдеріне баж салығын төлемей уақытша кіргізе алады. Ереже ЕАЭО-ға кірмейтін елдерде тіркелген көліктер үшін енгізілген. Сондай-ақ, көліктер Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Армения, Беларусь елінен өзге, үшінші мемлекеттердің көліктеріне тән. 2020-2021 жылы коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты  шетелдік азаматтар елге уақытша кіргізген көлігін ЕАЭО аумағынан тыс жерге шығара алмады. Мұны ескерген Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі шетелдік көліктердің елде болу мерзімін 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін ұзартқан.

 ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов мәлімдеуінше  қазақстандық азаматтардың шетелдік көлікті эксплуатациялау мәселесіне орай, азаматтар мүддесі қорғалуы үшін, ІІМ  2014 жылы «Жол қозғалысы» заңымен бекітілген талаптар бойынша келісім ұсынады.

«Өйткені көлік құралын сақтандыруға келгенде азаматтар үшін белгілі бір тәуекелдер бар. Егер көлікті тасымалдауға тыйым салынған немесе ол іздеудегі көлік болса, онда азаматтар автомобильден және оған жұмсалған ақшадан айырылуы мүмкін. Осындай себептерге байланысты барлығы заңнама негізінде жүзеге асқаны жөн: біріншіден, бұл күдікті, қандай да бір қылмысқа қатысы бар көлікті сатып алудан сақтандырады; екіншіден, көлік сатып алушы өз мүлкін қорғап қалады; үшіншіден, бұл иесіне өз көлігін толық қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, жол-көлік апаты кезінде сақтандыру төлемдері Заң бойынша тек иесіне немесе иесі сеніп тапсырған адамға ғана беріледі», – дейді Серік Түсіпов.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑