banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 22 сентября, 2021 | қосқан shalqar | 894 рет оқылды

0

Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінде ЭЦҚ алуға болады

Пилоттық жоба шеңберінде Қазақстан азаматтары еліміздің шет елдердегі елшіліктері мен консулдықтарынан электрондық цифрлық қолтаңбаны ала алады.

Бүгінгі таңда пилоттық жоба Абу-Даби, Бішкек, Вашингтон, Мәскеу, Нью-Йорк, Прага, Санкт-Петербург, Сеул, Ыстамбұл және Майндағы-Франкфурт қалаларында орналасқан 10 дипломатиялық өкілдіктерде жұмыс істейді.

Жобаның мақсаты – елден тыс жерде тұрақты немесе уақытша болатын отандастарға www.egov.kz «электрондық үкімет» порталының барлық автоматтандырылған қызметтерін, оның ішінде Сыртқы істер министрлігінің электрондық қызметтерін, қолжетімді ету.

Шет елдердегі мекемеге барар алдында азаматтар www.pki.gov.kz Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының порталында «жеке тұлғаларға арналған ЭЦҚ» алу үшін алдын ала өтінім беру қажет. Ол үшін NCALayer бағдарламасын орнатып, ЖСН енгізіп, тиісті бағандарды толтыру қажет.

Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат және өтінім бергеннен кейін қалыптастырылған, бірегей нөмірі мен өзінің қолы бар өтініш негізінде консулдық лауазымды адам ЭЦҚ кілттерін шығаруға өтінімді ақпараттық жүйеде растай алады. Бұдан кейін өтініш беруші www.pki.gov.kz порталында шығарылған сертификаттарды (ЭЦҚ) іске қосуы қажет.

Қазақстанның мобильді азаматтары базасында телефон нөмірі тіркелген жағдайда ЭЦҚ-ны қашықтанда (бармай) алуға болатынын еске саламыз.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑