banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 6 июля, 2021 | қосқан shalqar | 107 рет оқылды

0

Қарағанды облысындағы Ұлытау ауданында төтенше жағдай

Қарағанды облысы Ұлытау ауданы, Байқоңыр ауылы маңындағы қыстақтарды өрт басты. Ауыл тұрғындары 2-3 техникамен (өрт сөндіру машинасы емес, ауылдағы жүк көліктері), 10-15 адам болып сөндіруге тырысқанымен даланың желімен өрт күшейіп бет қаратар емес. «Күннің ыстығында дала өртін арнайы техникасыз сөндіру қиынға соқты» — дейді ауыл тұрғындары.
Өрт салдарынан, Демеубай қыстағында қорадағы малдар да жанып, ауыл адамдары тас үйдің үстіне шығып жандарын аман алып қалған.
Халық  9101 нөміріне хабарласып, жедел көмек берілуін сұрағандарымен, өкінішке орай өрт шалып жатқан жерде тек 2 арнайы өрт сөндіру техникасы ғана жүр. Ауыл тұрғындары аудан әкімінен де көмек сұраған. Бұл туралы аудан әкімі де «Инстаграм» желісінде жариялады.
Аудан әкімдігінің айтуынша төтенше жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылған. Тұрғындардан сақтық шараларын ескеріп, алыс-жақын жолға шықпауға шақырған. Аудан әкімдігі тарапынан қосымша көмек көрсетілуде. «Бұл жағдай біздің басты назарымызда»  — делінген әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы, Байқоңыр ауылы маңын 1 шілдеден бастап өрт шалды. Бірнеше күнге созылған дала өрті салдарынан төтенше жағдай жарияланды.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑