banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 9 августа, 2022 | қосқан shalqar | 456 рет оқылды

0

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Жоғары білім беру саласындағы ұлттық жобаның іске асырылуы туралы айтып берді.

 

☑️ 2021-2022 оқу жылы контингентінің жалпы саны 623 839 адам.
☑️ Барлығы — 120 ЖОО.
☑️ 2021 жылы түлектердің жұмысқа орналасуы 68,9%-ды құрайды.
☑️ Гранттар саны 2020 жылы 65 мыңнан 2022 жылы 88 мыңға дейін ұлғайтылды.
☑️ Студенттердің стипендиясы артып келеді.

«Бакалавриат студенттеріне 36 мың теңге, докторанттарға 150 мың теңге қарастырылған. 2025 жылға дейін студенттердің стипендиясы 2 есеге, магистранттар мен докторанттарға – 1,5 есеге артады», — деді ғылым министрі Саясат Нұрбек.

☑️ Академиялық артықшылық орталықтарын құру жөнінде шаралар қабылданды. 15 өңірлік және 5 педагогикалық ЖОО іріктелді.
☑️ Зерттеу экожүйесін қалыптастыру және серпінді технологияларды дамыту үшін үш ЖОО-ны зерттеу ЖОО-ларға айналдыру жоспарланған. Бұл Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, М. Әуезов атындағы ОҚМУ.
☑️ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға зерттеу университеті мәртебесі берілді.

«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру» бағыты бойынша негізгі көрсеткіш — екі отандық университеттің QS Халықаралық рейтингінің ТОП – 200 қатарына кіруі», — деп атап өтті Саясат Нұрбек.

2025 жылға қарай шетелдік жетекші бес ЖОО-ның филиалдары жұмыс істейтін болады.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑