banner-top12

Әлем жаңалықтары

Уақыты 9 августа, 2021 | қосқан shalqar | 1 584 рет оқылды

0

«Қытай тыңшылары» тыным берер емес

«Қытай тыңшылары» Гонконг тұрғындарына виза алу арқылы Ұлыбританияға кіруге тырысады. Бұл туралы The Times хабарлады.

BNO төлқұжаттары Гонконг 1997 жылы Қытайға ауысқанға дейін туылған гонконгтықтарға беріледі. Енді, британдық биліктің шешімі бойынша, BNO төлқұжаты бар адамдар мен олардың отбасы мүшелері Ұлыбританияда жұмыс істеу және оқу құқығын бес жылға алады, ал Ұлыбритания азаматтығына өтініш алтыншы жылда тапсырылады.

The Times Қытайда BNO визасын алуға өтініш білдіріп, осылайша пана іздегендей болып жүрген «қытайлық тыңшылар» туралы нақты ақпараттарға ие екенін мәлімдеді. Гонконгтегі оқиғалардан кейін, 30 мың Гонконг тұрғыны аталмыш төлқұжатқа өтініш берген. Қытайдың тыңшылық әрекеттерін ескере отырып, Ұлыбритания билігі әр өтінішті мұқият тексеруді бастады.

Дерек көзі: Abai.kz




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑