banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 15 сентября, 2021 | қосқан shalqar | 92 рет оқылды

0

ХҚО қызметкерлерінің рейтингі геймификация әдісімен анықталады

Соңғы кездері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы фронт офистеріндегі операция залдары қызметкерлері арасында қызу бәсекелестік орын алған. Бұл қызметкерлер арасында геймификация әдісін енгізудің әсері. Жаңаша бақылау тәжірибесінің бірі — геймификация (gamification), яғни ойын механикасын ойын емес процестерде қолдану.

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы менеджментке еңбек процесін бақылаудың жаңа мүмкіндіктерін беруде. Бұл операцияларды автоматтандыру, алгоритмдеу мен қызметкердің жұмысын мониторингтеу арқылы жүзеге асады. Біздің салада тамыз айынан бастап геймификация әдісі енгізілді. ХҚО арқылы көрсетілетін қызметтерді күрделілігіне қарай 5 санатқа бөліп, әрқайсысына орташа ұпай қойдық. Мәселен,   С1 «өте қарапайым» — 4 ұ.; С2 «қарапайым» — 8 ұ.; С3 «орташа» — 12 ұ.; С4 «күрделі» — 16 ұ.;  С5 «өте күрделі» — 20 ұ. Операторлардың бір ай ішіндегі көрсеткен қызметтері сараланып, ұпай сандары есептеледі. Нәтижесінде, 8 аудандағы фронт-офистерден ең жоғары ұпай жинаған 1 қызметкер марапатталады», — дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының директоры Ермек Бекжүнісов.

Қызметкерлердің жинаған баллдары негізінде рейтингтер жасалады. Бұл рейтингтер басшыларға қызметкерлерді және қызметкерлерге өзін бақылауға мүмкіндік береді. Геймификация кестесіне сәйкес, филиалдың алғашқы үздіктері де анықталған. Тамыз айының қорытындысы бойынша Алатау аудандық бөлімнен Н. Нұрғали 9348 ұпай, Алмалы аудандық бөлімнен Ғ. Еслаков 16056 ұпай, Әуезов аудандық бөлімнен Б.Садықова -12604 ұпай, Бостандық аудандық бөлімнен Р. Қадырқұлов 9672 ұпай, Жетісу аудандық бөлімнен А. Сүлейменов -12160 ұпай, Медеу аудандық бөлімнен А. Чалгынбаев 13352 ұпай, Наурызбай аудандық бөлімнен Ә. Садуова 10036 ұпай, Түрксіб аудандық бөлімнен Р. Әтежанова 7620 ұпай жинап жеңімпаз атанып, Филиал директорының Дипломымен марапатталған.

«Геймификацияны еңбек процесіне енгізудегі мақсатымыз – еңбек өнімділігін барынша көбейту. Операция залы қызметкерлері арасында ұйымдастырылып отырған бұл пилоттық жоба, келешекте басқа секторларда да қолға алынады. Жеңімпаздарды ынталандыру шараларының қатарында дипломдармен марапаттау, басшылықпен сұхбаттасу, бір күндік еңбек демалысын беру және т.б. болады», – дейді директор.
Осылайша, жұмысты бәсекеге айналдырып, еңбекті ынталандырудың креативті әдісін  қолдана бастаған корпорация, қызметкерлердің жұмыс істеу мінез-құлқына оң әсер ете отырып, халыққа қызмет ұсыну сапасын да арттыратынына сенімді.

Естеріңізге салсақ, бүгінде тізілімдегі 690 мемлекеттік қызметтің 662-сі  (95,9%) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетіледі.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑