banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 24 июля, 2014 | қосқан shalqar | 795 рет оқылды

0

Алматыда  Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің екінші республикалық спартакиадасы өтеді

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» қызметкерлері арасындабұхаралық спорт түрлерін дәріптеу,жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында  түрлі спорт шараларымен қатар, аймақтық және республикалық спартакиадалар өтіп тұрады. ХҚКО қызметкерлерінің Республикалық деңгейдегі спартакиадасы биыл Алматы қаласында өтпек. Осы шараның ұйымдастыру мәселелеоіне байланысты ХҚКО РМК филиалдары кәсіподақтары бірлестігінің төрағасы Олег Григорьевич Дымов Алматыға келді.

Тамыздың 26-28 апралығында өтетін ХҚКО қызметкерлерінің екінші Республикалық спартакиадасына  14 облыстық  және Астана, Алматы қалаларының  командалары қатыспақ. Олар спорттың алты түрі­нен, атап айтсақ, футболдан, шах­мат­тан, гір тасын көтеруден, бел­те­мір­ге тартылудан, арқан тартысудан және волейболдан сайысқа түсетін болады.

— «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК кәсіподақ ұйымының мұндай шараларды ұйымдастырудағы мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау,  сала қыз­меткерлерінің өмір сүру белсенділігін арттыру, олардың өзара байланысын жақсарту арқылы жұ­мысты жандандыру. Біз тек спорттық жарыстармен ғана шектеліп қой­май, алдағы уақытта жастар ара­сын­да өнер сайысын да ұйымдастыр­мақ­пыз, — дейді «Халыққа қыз­мет көрсету орталығы» РМК  кәсіподақтары бірлестігінің төрағасы Олег ДЫМОВ,

 Алматы қадасы ХҚКО баспасөз қызметі.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑