Буккроссинг шарасында кітапхана қоры жаңа кітаптармен толықты - Шалқар газеті
banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 4 июля, 2019 | қосқан shalqar | 519 рет оқылды

0

Буккроссинг шарасында кітапхана қоры жаңа кітаптармен толықты

IMG_5587IMG_5606IMG_5601IMG_5613photo_2019-07-05_12-34-22photo_2019-07-05_12-38-23 photo_2019-07-05_12-36-38 photo_2019-07-05_12-36-17 photo_2019-07-05_12-35-52 photo_2019-07-05_12-35-39 photo_2019-07-05_12-34-19photo_2019-07-05_12-37-50
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық дамуминистрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі жоба аясында Алматы облысы Талғар аудандық Орталық кітапханасында өткен «Рухани жаңғыру» күні аясында өткен Буккроссинг шарасына адам көп жиналды. Аудан кітапханасының кітап қоры, шараға жиналғандармен қатар, жазушы-этнографтар Жұмабай Баяхмет, Болат Бопай, ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы сынды қаламгерлердің өз қолымен әкеліп тапсырған авторлық кітаптарымен толықты.
«Елімізде белең алған «Буккроссинг» деп аталатын жақсы үрдіс барысында, азаматтар өзара кітап алмасып, кітапханалар қорын толықтырып, содай-ақ, әркім өзі әкелген кітап мазмұнын айта отырып, кітап оқуды дәріптеп, жастарды да кітап оқуға баулиды,» — дейді шара ұйымдастырушысы, халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының басшысы Жаңыл Әпетова.
Берері мол бұл шара республиканың барлық аумақтарында жалғасын таппақ.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑