banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 13 июля, 2019 | қосқан shalqar | 321 рет оқылды

0

«Цифрлан! Трендте бол!» акциясы жалғасуда

photo_2019-07-13_14-40-34 photo_2019-07-13_14-27-59 photo_2019-07-13_14-34-01 photo_2019-07-13_14-34-22 photo_2019-07-13_14-34-42 photo_2019-07-13_14-35-00 photo_2019-07-13_14-35-20 photo_2019-07-13_14-28-18 photo_2019-07-13_14-30-50IMG-20190612-WA0095photo_2019-07-13_14-30-21 photo_2019-07-13_14-31-38 photo_2019-07-13_14-32-20 photo_2019-07-13_14-32-46 photo_2019-07-13_14-27-59 20190712_162955(0)

 

Алматы  қаласының Түрксіб ауданында «Цифрлан! Трендте бол!» акциясы өтті. Шараны Халық­аралық «Жанашыр» қоғам­дық қоры мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалы бірлесіп ұйымдастырды.

Акция мақсаты —  халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру, ағарту-насихат жұмыстарын жолға қою және көшбасшы жастарды осы жұмысқа тарту.

    «Цифрлық Қазақстан – болашаққа бағдар» тақырыбындағы іс-шаралар аясында маусым айында бастау алған «Цифрлан! Трендте бол!» акциясына қатысушылар саны арта түсуде. Жастар, студенттер өз қатарластарын үйретуде. Акцияға қаланың Мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері де қолдау көрсетіп қатысты. Алдағы уақытта мұндай шаралардың маңыздылығы артып, цифрлық сауатты тұрғындар көбейе береді деп үміттенеміз», — дейді шара ұйымдастырушысы, халықаралық «Жанашыр» қорының президенті Жаңыл Әпетова.

Шара барысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының мамандары Түрксіб ауданының әртүрлі санаттағы тұрғындарына  электрондық үкімет порталынан цифрлық қызметтерді алу, ЭСҚ-ны, смартфондағы Telegram қосымшасының Egovkzbot және Mgov қосымшаларын пайдалану жолдарын үйретті.

    Корпорацияның Түрксіб аудандық фронт-офис басшысының орынбасары Гунари Матсуба онлайн режімде алуға болатын мемлекеттік қызметтер жайлы баяндаса, мамандар әрбір қызметті алуды қадам бойынша слайдпен түсіндірді. Қолдағы телефон арқылы да мемлекеттік қызметті алуға болатынын естіген аға буын, таңданыстарын жасыра алмады.

Шараға  қатысқан Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі президиумының мүшесі Сағымбекова Майра Мәжитқызы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының маңыздылығына тоқталды.

   Айта кетейік, қазіргі уақытта телеграм-бот (@EgovKzBot) арқылы мемлекеттік қызметтердің 25 түрі қолжетімді. Бұл мекенжай анықтамаларын, зейнетақы аударымдары туралы анықтамаларды, психо және наркодиспансерден анықтамаларды, сондай-ақ кезекті онлайн брондау, дәрігерді үйге шақыру және т. б. анықтамаларды алуға болады.

Мобильді mGov.kz қосымша арқылы білім беру, отбасы, жылжымайтын мүлік, денсаулық сақтау және т. б. сала бойынша тоқсан мемлекеттік қызмет қолжетімді.

Смартфон иелері бұл қосымшаны былтыр 1,3 млн рет жүктеп, 3,6 млн қызмет алған.

      Реестрдегі 752 мемлекеттік қызметтің 506-сы, яғни 67% электрондық форматта қолжетімді. Жыл өткен сайын электрондық жолмен көрсетілетін қызмет саны өсіп отырады, 2020 жылы оның үлесі 90% құрауы тиіс.

Бүгінде халықтың цифрлық сауаттылығының деңгейі 77% жетті. 2022 жылға қарай оны 83% дейін арттыру көзделген.

Шара  Қазақстан Республикасы  Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету тақырыбындағы жоба аясында өтті.

Қарлығаш Ерғараева




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑