banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 15 мая, 2021 | қосқан shalqar | 143 рет оқылды

0

COVID-19 қарсы вакцинация: сарапшылардың пікірлері және негізгі ұсыныстар

Орталық коммуникациялар қызметінде «COVID-19 қарсы вакцинация: сарапшылардың пікірлері және негізгі ұсыныстар» туралы онлайн баспасөз-конференциясы өтті, — деп хабарлайды халықаралық Shalqar kz ақпараттық порталы.

Қатысушылардың айтуынша, 2020 жылдың 13 наурызынан бастап елімізде COVID-19 жұқпасының расталған 353 140 жағдайы, тәулігіне 2549 жағдай тіркелді. Тіркелген жағдайлардың 55%-ы (1 қаңтардан бастап – 197 765 жағдай) COVID-19 жұқпасының тәулігіне — 127, барлығы – 53 884 ықтимал жағдайы (ПЦР-) тіркелді, өсім көрсеткіші 0,24% құраған.
Расталған COVID-19 жұқпасының жаңа жағдайларының ең көп саны:
— Алматы қаласында-557
— Нұр-Сұлтан қаласында-452
— Қарағанды облысында-348
— Алматы облысында-222 жағдай тіркелген.

Эпидемиологиялық жағдайдың матрицасына сәйкес, Қазақстан Республикасы бір айдан астам уақыт (38 күн) аса қауіпті аймақта болды, яғни, қызыл аймақта. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы орташа тәуекел аймағында.
🔴 Бүгінгі күні қауіпті аймақта (қызыл аймақ) 6 аймақ бар: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстары.
🟡 Орташа тәуекел аймағында (сары аймақ) бүгінде 6 аймақ бар: Шымкент, Атырау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Ақтөбе облыстары.
🟢 Жасыл аймақта 5 аймақ бар: Түркістан, Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл және Қостанай облыстары.

«Қазақстан Республикасында вакцинация жылдамдығының жоғарылағаны көрінеді, бүгінгі күні бірінші компонентпен 1 790 356 адам, екінші компонентпен – 722 504 азамат егілді. Бүгінгі таңда аймақтарда 798 мың дозағадан астам вакцина бар» — дейді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Саниятариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми- практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Смағұл Манар.

Қажеттілікті ескере отырып, егу пункттерінің саны үнемі артып келе жатқанын атап өтуге болады.
Бүгінде аймақтарда иммундау жұмыстары 1000 астам вакцинация орталықтарында жүргізілуде.

«Ең алаңдаушылық тудыратын мәселе болып — Sputnik V вакцинасының уақыт аралығы» — дейді мекеме өкілдері.

Ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы директорының ресми мәлімдемесі негізінде осы вакцинаның бірінші және екінші компоненттерін енгізу аралығы қайта қаралған және 45 күнді құрайды. Сонымен бірге екінші компонентті бірінші компонент алғаннан кейін 21 күн өткен соң және 90 күн ішінде алуға болады. Бірінші және екінші компоненттер арасындағы аралықтың жоғарылауы иммундық жауаптың күшіне әсер етпейтінін ескеру қажет.

«Көпшілік адамдарда вакциналар COVID-19 ауруын тудырады деген әлі де қорқыныш бар.
📍Бірақ ұсынылған вакциналардың ешқайсысында COVID-19 ауруын тудыратын тірі вирус жоқ, демек вакциналар сізді COVID-19 ауруымен ауырта алмайды. Кез-келген вакцина сияқты, COVID-19 жұқпасына қарсы вакциналары да жанама әсерлер тудыруы мүмкін, олардың көпшілігі жеңіл түрде бірнеше күн ішінде өздігінен кетеді» — дейді Смағұл Манар.

Қазақстан Республикасында вакцинация жылдамдығының жоғарылағаны көрінеді, бүгінгі күні бірінші компонентпен 1 790 356 адам, екінші компонентпен – 722 504 азамат егілген. Бүгінгі таңда аймақтарда 798 мың дозағадан астам вакцина бар. Қажеттілікті ескере отырып, егу пункттерінің саны үнемі артып келе жатқанын атап өтті.
Бүгінде аймақтарда иммундау жұмыстары 1000 астам вакцинация орталықтарында жүргізілуде көрінеді.

Інжу Сағидолла




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑