banner-top12

Цифрланған әлем

Уақыты 21 октября, 2014 | қосқан shalqar | 1 103 рет оқылды

0

Электрондық үкімет порталының бүгінгі күнгі жетістіктері

Бүгіндері электрондық үкімет дегеніміз – бұл ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданумен мемлекеттік органдар, халық және бизнестің өзара іс-қимыл жүйесі.
«Электрондық үкімет» веб-порталын қалыптастырудың бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік органдардың ақпараттық және интерактивтік қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесі құрылды. Бірінші ақпараттық кезең өтті.
Веб-портал арқылы мемлекеттік электрондық қызметтерді ұсыну мақсатында мемлекеттік деректер қорын бағдарламалық қамтамасыз ету жасалды, сондай-ақ мемлекеттік деректер қорымен бірігу модулдерінің бағдарламалық қамтамасыз етуі жасалды, соның ішінде «Мемлекеттік жер кадастры», «Интегралданған салықтық ақпараттық жүйе», «Жеке тұлғалар», «Заңды тұлғалар», «Адрестік тізім», «Жылжымайтын мүлік тізімі», Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығының деректер қоры бар.
Бүгінгі таңда Қазақстанның әрбір азаматы е-үкіметке кіріп, мемлекеттік органмен тікелей байланыссыз қысқа уақыт ішінде ақпарат ала алады.Ол үшін www.e.gov.kz. адресіне кіріп, қажетті анықтаманы алу үшін электрондық цифрлық қолтаңбамен сұрау жіберу қажет.
Қазіргі уақытта «электрондық үкімет» порталында зейнетақылық бөлу туралы анықтама алу, ӘЖК телнұсқасын алу, азаматтық хал-ахуал актілері бойынша деректік анықтамаларды алу және басқа электрондық қызметтер іске асырылады.
Бүгінгі таңда ХҚКО Алмалы ауданы бойынша азаматтардың электронды үкімет арқылы қызмет алудағы статистикасы күннен- күнге жоғарлауда. Мысалы, аптасына- электрондық үкімет порталы арқылы- 800-ден аса қызмет көрсетіледі.
Соның ішінде, Мекенжай анықтамасын – 150-ден аса, Сотталмаған туралы анықтаманы- 326-ден аса, Әртүрлі саладағы лицензия және серитификат алудан — 57, Балабақшаға тізімге- 50, Некеге тұруға – 20- дан аса азамат қызмет алуда т.б қызмет көрсету сапасы жоғарылауда. Осындай қарқынды дамудың арқасында әрбір ҚР азаматы болашақта ЭСҚ-мен үйінде отырып қызмет алуына мүмкіндігі болады. Электрондық үкімет дамуының игі нәтижесі ретінде, БҰҰ-ның рейтингіне сәйкес, Қазақстан әлемдегі алдынғы қатарлы 50 елдің құрамына кіріп, мүмкін болатын 192-нің 46-ы орнында тұр.

Н. Алдабергенова, Алмалы аудандық бөлімінің басшысы




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑