<..." /> Насихаттық топ «Алатау» балалар лагерінде   «Қазақтану» лекторийін өткізді - Шалқар газеті

banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 26 июля, 2019 | қосқан shalqar | 188 рет оқылды

0

Насихаттық топ «Алатау» балалар лагерінде   «Қазақтану» лекторийін өткізді

IMG863456 IMG64623IMG5322054IMG5815241

Қазақстан Республикасы  Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өткен шаралар аясында  Алматы  қаласы, «Алатау» балалар лагерінде «ҚАЗАҚТАНУ» лекторийін өткізді. Шараға республика өңірлерінен келіп лагерьде демалып жатқан балалар мен олардың ата-аналары қатысты.

Шарада «Қазақтану» тақырыбында этнограф, Салт-дәстүр академиясының академигі Болат Бопайұлы, «Рухани жаңғыру мен қазақтың ырымдары мен тиымдары» туралы, этнограф, жазушы Б.Жұмабайұлы «Балалар ойындары» туралы, ақын, халықаралық «Ильхам» сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Даулетбек Байтұрсын «Рухани жаңғыру және Түркі әлемі» тақырыбында лекциялар өткізді.

Шаралар  Қазақстан Республикасы  Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттық бағдарламасы негізінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі ғылыми-ағартушылық жобаны әзірлеуге және іске асыруға ҮЕҰ, сараптамалық қауымдастықты тарту» тақырыбындағы жоба аясында өтті.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑