«Оралмандарды қоныстандыру үшін..." /> Оралмандарды облыстарға қоныстандыру туралы жаңа қаулы - Шалқар газеті
banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 11 мая, 2014 | қосқан shalqar | 1 007 рет оқылды

0

Оралмандарды облыстарға қоныстандыру туралы жаңа қаулы

«Оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 248 қаулысына өзгеріс енгізілді. Үкімет қаулысы ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында жарияланды деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

«Көрсетілген қаулымен бекітілген оралмандарды қоныстандыруға арналған өңірлер осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын» делінген ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтың қолы қойылған қаулыда. Яғни, қаулы қосымшасында оралмандардың қоныстануы үшін еліміздің 14 облысы түгелдей қамтылған.
Айта кетейік, 20 наурыздағы «Оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» қаулыда шеттен келген қазақтар тек қана Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан сияқты 7 облысқа ғана қоныстандыру керектігі белгіленген болатын. Сондай-ақ, өзге өңірлерге келген қандастарымыз оралман емес, мигрант ретінде қаралып, олардың ықтияр хат алуы үшін төлем қабілетін растауы талап етілген еді.

baq.kz

Кілтсөздер:




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑