..." /> QR код арқылы қызметті бағалауға болады - Шалқар газеті
banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 10 ноября, 2020 | қосқан shalqar | 1 345 рет оқылды

0

QR код арқылы қызметті бағалауға болады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы QR кодын пайдалана отырып, халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысының сапасын бағалау жүйесін іске қосты.

Қызмет алушылар  оның көмегімен қызмет көрсету процесі, сапасы және бөлім инфрақұрылымы секілді критерилер бойынша өз пікірлерін қалдыра алады. Қазірдің өзінде 500-ден астам азамат бұл тәсілді қолданып, халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің жұмысына өз бағасын беріп үлгерді.

Еліміздегі 339 бөлімнің әрқайсысынан келушілер QR коды көрсетілген стендтерді таба алады. QR кодты оқып-танитын қосымшаны пайдалану арқылы клиенттер смартфондағы сауалнама парағына өтеді. Азаматтар онда оператордың жұмысына көңілі толғанын/толмағанын, қызметті алу ыңғайлы болған/болмағанын, қажет ақпаратты ала алғанын айтып бере алады. Сонымен қатар қызмет алушылар үшін өздерінің тілек-пікірлерін фронт-офис фотосуретін немесе бейнесін жүктеу арқылы білдіру мүмкіндігі де қарастырылған.

Айта кетейік, сауалнама сұрақтарына мемлекеттік корпорациясының gov4c.kz ресми интернет-ресурсындағы «Кері байланыс» бөліміне өту арқылы да жауап беруге болады.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑