banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 4 июля, 2019 | қосқан shalqar | 231 рет оқылды

0

Талғар қаласында «Талантты таныту» кеші өтті

2019 жылғы 03 шілде күні Алматы облысы, Талғар қаласының Орталық кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету бойынша шаралар кешені өтті.

Қазақстан Республикасы  Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өткен шаралар аясында  аудан тұрғындары арасында «Таланттарды таныту»  шарасы өтті.

«Талантты таныту» шарасы  дәстүрлі жас әнші Қостыбай Қажыбидің шығармашылығына арналды. Күміс көмей әнші өзінің талантымен таныла бастаған жастардың бірі. Бүгінде біраз белестерді бағындырып үлгерген. Жиналған қауым жас әншінің өнеріне тәнті болды.

Шарада  Алматы облысы, Талғар ауданы мәдениет үйінің қызметкері домбырашы Бекенов Азамат, қобызшы Нұрманбетова Жадыра, Шаяхыметова Гүдзира катарлы талант иелері де өнер көрсетті.

Кеш қонақтары қатарында Талғар ауданының мәслихат депутаты, ақын Әбдіғани Бәзілхан, Талғар аудандық мәдени бөлімінің басшысы Бегембаева Фарида Мамырбекқызы,  Талғар қаласының Орталық кітапханасының басшысы Махамбет Қармысов, Аудандық мәдениет үйінің басышысы Берік Шағаев, Қызылқайрат ауылдық мәдени үйінің директоры Баймуханов кеңес Қосайұлы, жазушы, этнограф-зерттеуші Баяхмет Жұмабайұлы, Салт-дәстүр академиясының академигі, этнограф Болат Бопайұлы, тарих ғылымдарының кандидаты Досымбек Қатран, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы, Аналар кеңесінің төрайымы М.Сихымбаева, Қоғамдық келісім кеңесінің басшысы Ж.Бұтабаева, Қазақ тілі қоғамы төрайымы Р.Байшықова болды.

Шаралар  Қазақстан Республикасы  Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттық бағдарламасы негізінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі ғылыми-ағартушылық жобаны әзірлеуге және іске асыруға ҮЕҰ, сараптамалық қауымдастықты тарту» тақырыбындағы жоба аясында өтті.

Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының баспасөз қызметі.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑