Талғарда «Ұлы дала мұрасы – ұрпаққа аманат» атты басқосу - Шалқар газеті
banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 4 июля, 2019 | қосқан shalqar | 364 рет оқылды

0

Талғарда «Ұлы дала мұрасы – ұрпаққа аманат» атты басқосу

IMG_5768 IMG_5830 IMG_5655 IMG_5895

Сәуір айында Халықаралық «Жанашыр» қоры жанынан құрылған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі ақпараттық топ, енді Алматы облысына сапарға шықты.

Алматы облысы Талғар аудандық Орталық кітапханасында аудан тұрғындарымен басқосу өтті.

Аға буын мен жас ұрпақтың үндесіп сабақтасуының үлгісіндей болған «Ұлы дала мұрасы – ұрпаққа аманат» атты басқосу барысында жазушы, этнограф-зерттеуші Баяхмет Жұмабайұлы, Салт-дәстүр академиясының академигі, этнограф Болат Бопайұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, «Нұр-Мүбарак» ислам мәдениет университетінің доценті, Салт-дәстүр академиясының профессоры,  Досымбек Қатран, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, халықаралық «Ильхам» сыйлығының иегері, ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы, Халықаралық «Жанашыр» қорының президенті, журналист Жаңыл Әпетова,  «Нұр Отан» партиясының мүшесі, өнер зерттеушісі, жыршы-термеші Әбіш Әділбеков, ақын Ләззат Игісін қатысып, аудан тұрғындарымен «Рухани жаңғыру» тақырыбында әңгіме бөлісті.

Шаралар  Қазақстан Республикасы  Ақпарат және қоғамдық дамуминистрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауыменХалықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының«Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету тақырыбындағы жоба аясында өтті.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑