..." /> «Ұлы дала тарихы – ұрпаққа аманат» атты кездесу - Шалқар газеті

banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 4 июля, 2019 | қосқан shalqar | 226 рет оқылды

0

«Ұлы дала тарихы – ұрпаққа аманат» атты кездесу

IMG_5678 IMG_5703  IMG_5633 IMG_5668

Алматы облысы, Талғар қаласында  «Ұлы дала тарихы – ұрпаққа аманат» атты кездесу өтті.

Бұл жолғы кездесу қонақтары қатарында Талғар ауданының мәслихат депутаты, ақын Әбдіғани Бәзілхан, Талғар аудандық мәдени бөлімінің басшысы Бегембаева Фарида Мамырбекқызы,  Талғар қаласының Орталық кітапханасының басшысы Махамбет Қармысов, Аудандық мәдениет үйінің басышысы Берік Шағаев, Қызылқайрат ауылдық мәдени үйінің директоры Баймуханов кеңес Қосайұлы, жазушы, этнограф-зерттеуші Баяхмет Жұмабайұлы, Салт-дәстүр академиясының академигі, этнограф Болат Бопайұлы, тарих ғылымдарының кандидаты Досымбек Қатран, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы, Аналар кеңесінің төрайымы М.Сихымбаева, Қоғамдық келісім кеңесінің басшысы Ж.Бұтабаева, Қазақ тілі қоғамы төрайымы Р.Байшықовалар болды.

Кездесуге жиналғандар аудан тұрғындарына «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі қағидаттарын, оның жаңа мазмұнын және Президенттің бес әлеуметтік бастамалары бойынша әңгімелер өрбітті.

Шара  Қазақстан Республикасы  Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттық бағдарламасы негізінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі ғылыми-ағартушылық жобаны әзірлеуге және іске асыруға ҮЕҰ, сараптамалық қауымдастықты тарту» тақырыбындағы жоба аясында өтті.

 

Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының баспасөз қызметі.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑