Өте танымал WhatsApp ..." /> WhatsApp-та хабарламаның жаңа түрі пайда болады - Шалқар газеті
banner-top12

Әлем жаңалықтары

Уақыты 3 ноября, 2020 | қосқан shalqar | 1 362 рет оқылды

0

WhatsApp-та хабарламаның жаңа түрі пайда болады

Өте танымал WhatsApp мессенджері хабарламаның жаңа түрі жасалып жатқандығы жайында ақпарат таратты. Дәл қазіргі уақытта жоба тестілеуден өтіп жатқандығы белгілі.

Хабарламаның жаңа түрі «жоғалмалы» болып табылады. WhatsApp арқылы мұндай хабарламаны жіберу үшін оны алдын-ала қостыру міндетті. Режим қосылғаннан кейін чаттағы  жаңа хабарламалар апта аяғында өздігінен өшіп отырады. Ағымдағы режимнің статусы хабарламаларды басқарып отыратын болады. Құрастырушылардың айтуынша, режим орнатылғанға дейінгі хабарламалар сол күйінде қалады екен.

Кез-келген қолданушы жоғалмалы хабарламаны жеке чатқа қосып қоюына болады. Жеті күн өткеннен кейін жаңа хабарламалардың барлығы өздігінен өшіп отырады. Дәл қазіргі уақытта жоба тек тестілеуден өтіп жатыр. Бірақ, құрастырушылар аталмыш фунцияны қосатын иконканың мессенджер бетінде пайда болар уақыты қыр астында ғана деп отыр.

Кілтсөздер:




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑