banner-top12

Керек баған

Уақыты 10 декабря, 2015 | қосқан shalqar | 2 609 рет оқылды

3

ХҚКО арқылы тұрғын үй кезегіне қалай тұруға болады?

      Жыл өткен сайын қазақстандықтар өздерінің тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін ерте ме кеш пе, әйтеуір мемлекеттің қолдауымен өз меншігіне үй аламын деген үмітпен тұрғын үйге мұқтаж  жандардың кезегіне тұрып жатады. Уақыт өткен сайын мұндай жарқын болашаққа сенушілер қатары көбеймесе азаймай отыр. Бұл жағдай әсіресе қала тұрғындары арасында көптеп байқалады. Мәселен, ХҚКО қызметкерлері 2015 жылдың 11 айында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алуға мұқтаж жандардың есебіне  5557 өтініш қабылдаған.

      Ал осы өтінішті қалай беруге болады?  Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді алу кезегіне тұру үшін не қажет? Ол үшін ХҚКО-ға келсеңіз болады. Мұнда стандартқа сәйкес бұл қызметтің атауы — «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» деп аталады.

  Бұл қызметті алушы ХҚКО-ға төмендегідей құжаттар тізбесін ұсынуы тиіс:

— сәйкес үлгідегі өтініш;

— жеке куәлік;

— республикалық маңызы бар қалаларда, астанада кемінде үш жыл тұрғанын растайтын құжаттар;

— отбасы мүшелерінің жеке құжаттарының  көшірмелері;

— жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда жергілікті атқарушы органның тиісті анықтамасы;

— соңғы он екі ай ішінде отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы туралы мәліметтер;

— мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санаттарына жататын азаматтар үшін жұмыс орнынан анықтама;

— ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан РеспубликасыныңҮкіметі берген, олардың мәртебесін растайтын құжаттарды ұсынады;

— отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық және техникалық талаптарға сай келмеген немесе жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатқан немесе отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып, бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаған жағдайда қызметті алушы тиісті уәкілетті органның анықтамасын қосымша ұсынады.
      Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. Cұрақтарыңыз болса, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414-ке телефон шалуыңызға болады.




3 Responses to ХҚКО арқылы тұрғын үй кезегіне қалай тұруға болады?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑