banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 6 августа, 2014 | қосқан shalqar | 771 рет оқылды

0

ХҚКО «Идеялар биржасы» жобасы туралы

Ағымдағы жылғы наурыз айында «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде» «Идеялар биржасы» жаңа жобасы іске қосылды. Аталған жоба ХҚКО қызметкерлерінен келіп түсетін «идеялар» ұсыныстарды қабылдау және өңдеу бойынша бірыңғай жүйені құруға жол береді. Жүйеге келіп түсетін барлық «идеяларды» «ХҚКО» РМК бас директорының бұйрығымен бекітілген арнайы комиссия қарайды және іріктеуді жүзеге асырады, оның құрамына «ХҚКО» РМК Орталық аппараты департаменттерінің директорлары кірген. Комиссия өзіндік ерекшеленген және «пилоттық» режимде іске қосуға жататын «идеялары» үшін қызметкерлерді ынталандыру туралы шешім қабылдайды.
Осылайша, сәуір айында Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі Электрондық қызметтерді және Халыққа қызмет көрсету орталықтарын дамыту жөніндегі департаментінің директоры Абылайхан Оспановтың қатысуымен бірінші кеңес өткізілді, оның қорытындысы бойынша «ХҚКО» РМК филиалдарының үш қызметкерін, атап айтқанда: «ХҚКО» РМК Қарағанды облысы бойынша филиалынгың менторы З.Б.Нұржанованы, «ХҚКО» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы Ақтөбе қалалық бөлімінің инспекторы Д.Ж.Садықованы, «ХҚКО» РМК Павлодар облысы бойынша филиалы директорының орынбасары С.Е.Ауппаеваны материалдық ынталандыру және олар ұсынған «идеяларды» «пилоттық» режимде іске қосу шешімі қабылданды.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑