Автор: ADMIN
Тұтынушы, өз құқыңды біл!
Құрметті тұтынушылар! Күн сайын дерлік біз әртүрлі тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып аламыз, бірақ олар әрдайым сапалы бола бермейді. Кейде сатып алушының құқықтары сатып алудан бұрын, сатушылар тауардың техникалық сипаттамалары туралы дұрыс емес ақпарат берген кезде бұзылады.
Осыған байланысты тұтынушыны нарықтық қатынастарда барынша қорғау мақсатында Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының тапсырысы негізінде Халықаралық “Жанашыр” қоғамдық қоры «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында азаматтарды оқыту және үйрету» тақырыбындағы Жобаны жүзеге асыруда. Азаматтардың тұтынушы ретіндегі құқығын қорғау бойынша кеңес- ақпараттар беріліп, тұтушылардың сұрақтарына, шағымдарына жауап беріледі.
Жоба мақсаты - тұтынушының қанағаттанушылығын қамтамасыз етіп, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін неғұрлым жоғары сапалы деңгейге көтеруге және қазақстандықтардың, оның ішінде Алматы қаласының тұтынушыларының өмірінде жағымды өзгерістер болуына үлес қосу.
Алматы қаласының сауда орталықтарында, базарларында және т.б. орындарда тұтынушы ретіндегі құқығына нұқсан келсе, 87008628454 телефон нөміріндегі воцап желісіне жазуларыңызға болады.
Сонымен қатар, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне, яғни e-tutynushy.kz сайтында ұялы телефон немесе компьютер арқылы әр тұрғын өзінің бұзылған құқықтары туралы мәлімдей алады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Ораза кезінде немен айналысқан жөн?
Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысына барды
Макронның 70 жастағы әйелі Netflix-тің танымал сериялына түседі
Соңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысына барды
Ораза кезінде немен айналысқан жөн?