«شالقار-2» الەمدەگى بار قازاقتىڭ باسىلىمى بولا بەرەدى

كەزىندە نە ءبىر قياپاتتى ساياسي ءزىلزالالار مەن قۋعىن-سۇرگىننىڭ، اشارشىلىقتىڭ سالدارىنان دۇنيەنىڭ شارتارابىنا تارىداي شاشىلىپ، توزىپ، تونالىپ، بوسىپ بارعان قازاقتاردىڭ تاعدىرىنداي قيىن تاعدىر وزگە حالىقتاردا بولماعان شىعار. تۋعان وتانى-اتاجۇرتىنان جىراقتاپ، جات ەلدە جاۋتاڭداپ، ولمەستىڭ كۇنىن كەشۋ ولاردىڭ ماڭدايلارىنا تاستاي قاتتى تيسە دە، «ەلىم-ايلاعان» زار داۋىستارى قۇلاقتارىنان كەتپەدى. ەلگە، جەرگە دەگەن ساعىنىشتارىن ەشنارسەدە بۇركەپ تۇنشىقتىرا المادى. ءتۇپتىڭ تۇبىندە ەلگە جەتەر كۇن تۋار دەگەن ءۇمىت-سەنىمدەرىنەن كۇدەر ۇزبەدى. شىنىندا دا سول ءبىر نىق سەنىم الداماعان ەدى. قارا شاڭىراق تا قاراپ قالمادى. اعايىندى ىزدەۋدى، اعا-باۋىردى تاۋىپ الۋدى، ونداعى-مۇنداعىسىن تابىستىرىپ، جارالى جۇرەكتەردى جالعاستىرۋدى مىندەت سانادى. بۇل مىندەت «شالقاردىڭ» (بۇرىنعى «ءبىزدىڭ وتان» گازەتى، قازىرگى «شالقار-2»-ءنىڭ) موينىنا ءتۇستى.
[قازاقسوفت قازاق جازۋلارىن سايكەستىرۋ-ولشەمدەندىرۋ سيستەماسى سايكەستىرگەن]

Опубликовано в Жаңалықтар | Оставить комментарий

قازاقستان

قازاقستان

Опубликовано в Жаңалықтар | Оставить комментарий

«Шалқар-2» әлемдегі бар қазақтың басылымы бола береді

Жаңыл Амантайқызы Әпетова,
еларалық «Шалқар-2» газетінің бас редакторы

Кезінде не бір қияпатты саяси зілзалалар мен қуғын-сүргіннің, ашаршылықтың салдарынан дүниенің шартарабына тарыдай шашылып, тозып, тоналып, босып барған қазақтардың тағдырындай қиын тағдыр өзге халықтарда болмаған шығар.Туған Отаны – Атажұртынан жырақтап, жат елде жаутаңдап, өлместің күнін кешу олардың маңдайларына тастай қатты тисе де, «Елім-айлаған» зар дауыстары құлақтарынан кетпеді. Елге, жерге деген сағыныштарын ешнәрседе бүркеп тұншықтыра алмады. Түптің түбінде елге жетер күн туар деген үміт-сенімдерінен күдер үзбеді. Шынында да сол бір нық сенім алдамаған еді. Қара шаңырақ та қарап қалмады. Ағайынды іздеуді, аға-бауырды тауып алуды, ондағы-мұндағысын табыстырып, жаралы жүректерді жалғастыруды міндет санады. Бұл міндет «Шалқардың» (Бұрынғы «Біздің Отан» газеті, қазіргі «Шалқар-2»-нің) мойнына түсті. Продолжить чтение

Опубликовано в Жаңалықтар | 1 комментарий