Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар 2026-11-13 21:53:00

Біз әлеуметтік желілерде:

ҚМДБ азаматтарды күнделікті қарым-қатынаста қазақша сөйлеуге шақырды,- деп хабарлайды “Shalqar.kz”.

news single

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) күнделікті қарым-қатынаста араб және өзге тілдерден енген діни сөздердің орнына қазақша баламаларды қолдануға шақырды.

Діни басқарманың мәлімдеуінше, Құран аяттарын, намаздағы дұғалар мен зікірлерді араб тілінде оқу тәртібінің өзіндік мәні бар. Алайда күнделікті сөйлесу кезінде қазақ тілінде бұрыннан қалыптасқан сөздерді қолданған жөн. Мәселен, ҚМДБ «ифтар» сөзінің орнына «ауызашар», ал «сухур» сөзінің орнына «сәресі» атауларын пайдалануды ұсынды. Сондай-ақ бес уақыт намазды «таң», «бесін», «екінті», «ақшам» және «құптан» деп атауға үндеді. Бұдан бөлек, «ахи», «ухти», «абла», «аби», «брат» және «сестра» сөздерінің орнына «бауырым», «ағам», «інім», «әпкем», «апам», «қарындасым» деген қазақша атауларды қолдану қажеттігі айтылды.

ҚМДБ өкілдерінің пікірінше, ана тіліндегі қалыптасқан сөздерді пайдалану – ұлттық тілдік мұра мен сыйластық дәстүрін сақтаудың бір жолы. Айта кетейік, бұл мәлімдеме Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының X құрылтайында көтерген мәселелерінен кейін жарияланды.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Последние новости

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться