Қоғам

Автор: ADMIN

Қоғам 2026-09-06 19:28:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Қазақстанда жұмыс беруші қызметкерге айыппұл сала ала ма?

news single

   Қазақстанда жұмыс беруші қызметкерге еңбек тәртібін бұзғаны үшін өз қалауынша ақшалай айыппұл сала алмайды,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat"  телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

    Мысалы, компанияның ішкі тәртіп ережесіне сәйкес қызметкерге арнайы киім кию, жұмыс уақытында байланыста болу, клиенттермен сыпайы сөйлесу сияқты талаптар қойылуы мүмкін. Алайда бұл талаптарды бұзған жағдайда жұмыс берушінің жалақыдан белгілі бір соманы ұстап қалуы заңды бола бермейді.

 

    Еңбек тәртібін бұзған қызметкерге заңда көзделген тәртіптік жаза шаралары қолданылуы мүмкін. Сондықтан «айыппұл» ретінде жалақыдан ақша ұстап қалу мәселесінде жұмыс беруші еңбек заңнамасының талаптарын сақтауы тиіс.

 

   Қысқасы, ішкі ережеде «айыппұл салынады» деп жазылғанының өзі жұмыс берушіге қызметкерден кез келген соманы өндіріп алуға автоматты түрде құқық бермейді.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться