Қоғам

Автор: ADMIN

Қоғам 2026-09-07 19:23:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Атырауда түнде ауадағы зиянды заттар 15 есеге дейін көбейген

news single

    Атырауда түнгі уақытта ауа құрамындағы кейбір ароматты көмірсутектердің мөлшері рұқсат етілген шектен 10-15 есеге дейін артқаны анықталды,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына  сілтеме жасап. 

 

  Бұл туралы облыстық экология департаменті мәлімдеді. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, 31 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында қала ауасынан алынған шамамен 608 сынаманың 14-інен гигиеналық нормативтен асу фактісі анықталған.

 

  Мамандар изопропилбензол, диметилбензол және көміртек оксиді бойынша шекті мөлшердің артқанын тіркеді. Мамандардың айтуынша, аталған заттар адам денсаулығына, соның ішінде тыныс алу жүйесіне кері әсер етуі мүмкін. Ұзақ немесе жоғары концентрацияда әсер ету бронх демікпесі мен бронхиттің дамуына ықпал етуі ықтимал. Өңірдің бас экологы Асқар Жүсіповтің сөзінше, ауа райы жағдайы ластаушы заттардың таралуына әсер еткен. 31 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында күндіз желдің жылдамдығы 20-30 м/с болса, түнде 5-7 м/с-ке дейін төмендеген. Желдің әлсіреуі мен штиль кезінде ластаушы заттардың елді мекендерге таралуы күшейеді.

 

    Экология департаменті жағымсыз иіс пен анықталған ластаушы заттардың таралуын Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметімен байланыстырып отыр. Осыған байланысты кәсіпорынға кешенді тексеру жүргізу жоспарланған.

 

   Тексеруге тәуелсіз сарапшыларды тарту көзделген. Өз кезегінде Атырау мұнай өңдеу зауыты кәсіпорынның штаттық режимде жұмыс істегенін және апат болмағанын хабарлады. Қазір мамандар анықталған шығарындылардың зауыт қызметіне қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться