Қоғам

Автор: ADMIN

Қоғам 2026-09-07 20:12:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Қазақстандық отбасылар мемлекеттік қолдаудың қай түрін көбірек қажет етеді?

news single

    Қазақстандықтардың басым бөлігі отбасыларды қолдауда тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесуді маңызды бағыттардың бірі деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

   Бұл туралы Қазақстандық қоғамдық даму институтының зерттеуінде айтылды. Сауалнама нәтижесіне сәйкес, респонденттердің 60,9%-ы тұрғын үй алуға көмек көрсетуді отбасыларға қажетті негізгі қолдау шараларының бірі ретінде атаған. Бұл баспана мәселесінің қазақстандық отбасылар үшін өзектілігін көрсетеді. 

 

   Зерттеу барысында отбасының әл-ауқаты мен тұрақтылығына әсер ететін негізгі қажеттіліктер де анықталған. Атап айтқанда, 52,8% азамат жұмыспен қамту мәселесін маңызды деп бағалаған. Сонымен қатар медициналық қызметтердің қолжетімділігіне – 29,8%, білім беру саласына – 28,4% респондент басымдық берген. Ауыр жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету де маңызды бағыттардың қатарында аталған.

 

   Қазақстандық қоғамдық даму институтының мәліметінше, отбасының тұрақтылығы қоғамның әлеуметтік дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі. Сондықтан отбасылардың қандай қолдауды қажет ететінін анықтау мемлекеттік әлеуметтік саясаттың тиімділігін арттыру үшін маңызды.

 

   Қазіргі таңда мемлекет тарапынан тұрғын үй шығындарын өтеуге бағытталған әлеуметтік қолдау тетіктері де қарастырылған. Мысалы, тұрғын үй көмегі аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді күтіп ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеу шығындарының бір бөлігін өтеуге мүмкіндік береді.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться