Қоғам

Автор: ADMIN

Қоғам 2026-09-08 18:48:00

Біз әлеуметтік желілерде:

NCOC-дан 2,3 трлн теңге өндіріп алу ісі уақытша тоқтатылды

news single

    North Caspian Operating Company компаниясынан 2,3 трлн теңге өндіріп алу бойынша қозғалған атқарушылық іс уақытша тоқтатылды,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat" телеграм каналына сілтеме жасап. 

 

   Бұл туралы атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі мәліметтерден белгілі болды. Ақпараттық жүйеге сәйкес, мұнай-газ компаниясына қатысты атқарушылық іс 21 шілдеде қозғалған.

 

   Бұған компанияға салынған қомақты айыппұл себеп болған. Бұған дейін NCOC өзіне қатысты айыппұлмен келіспейтінін мәлімдеп, дауды халықаралық төрелік рәсімдер арқылы қарауға ниетті екенін хабарлаған. Атқарушылық іс 7 қыркүйекте тоқтатылған.

 

   Алайда ресми органдар әзірге оны тоқтатудың нақты себебін түсіндірмеді. Алдын ала мәлімет бойынша, борышкер ретінде танылған компания атқарушылық іс жүргізу барысында мемлекеттік айыптаушының әрекетіне қатысты сотқа шағым түсірген.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться