Қоғам

Автор: ADMIN

Қоғам 2026-09-08 19:10:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Қарағандыда инвесторларға салынған негізсіз қаржылық санкциялар азайтылды

news single

    Қарағанды облысының прокуратурасы үш инвестордың құқықтарын қорғап, оларға түсірілген негізсіз қаржылық ауыртпалықтарды азайтты,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat"  телеграм каналына сілтеме жасап.

 

   Мәселе облыс прокурорының инвесторлармен кездесуі барысында көтерілген. Кәсіпкерлер «Saran» республикалық маңызы бар индустриялық аймақта инвестициялық жобаларын жүзеге асырып жатыр.

 

   INVEST CARAVAN акциясы аясында прокуратура бизнес өкілдерінің өтініштерін қарап, мемлекеттік органдар мен табиғи монополия субъектілерінің әрекеттерінің заңдылығын тексерді. 

 

   Тексеру барысында «Tengri Tyres» және «Silk Road Electronics» компанияларына қатысты қаржылық есептеулерде заң бұзушылықтар анықталған. Табиғи монополия субъектісі электр энергиясын тұтыну лимиттерінен асып кеткені үшін қосымша төлемдерді негізсіз көбейтіп, нәтижесінде инвесторларға қаржылық санкциялар салған. Прокуратураның араласуынан кейін қайта есептеу жүргізіліп, қосымша есептелген сомалар мен айыппұлдар едәуір төмендетілді.

 

   Бұл инвесторлардың негізсіз шығынға ұшырауына жол бермеуге мүмкіндік берді.  Сонымен қатар «Karaganda Insulation» компаниясының мәселесі де шешілді. Компания жабдық жеткізуге арналған сыртқы экономикалық келісімшартты орындау кезінде алаяқтық әрекеттерден зардап шеккен.

 

   Тергеу барысында электрондық хат-хабарлардың қолдан жасалып, жеткізушінің төлем деректемелері өзгертілгені анықталған. Соның салдарынан компания қаражатын алаяқтар көрсеткен реквизиттерге аударған.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться