Қоғам

Автор: ADMIN

Қоғам 2026-09-08 19:37:00

Біз әлеуметтік желілерде:

Жас отбасы ата-анадан бөлек тұруы керек пе: қазақстандықтар не дейді

news single

   Қазақстандықтардың басым бөлігі жас отбасы ата-анасынан бөлек тұрғаны дұрыс деп санайды.  Респонденттердің 79%-ы жас жұбайлардың жеке шаңырақ көтеруін қолдаған,-деп хабарлайды  "Shalqar.kz" "Qazaqparat"  телеграм каналына сілтеме жасап.

 

  Бұл туралы Қазақстандық қоғамдық даму институтының «Қазақстан отбасылары – 2026» зерттеуінде айтылған. Сауалнамаға еліміздің әр өңірінен 3 мың адам қатысқан.

 

  Зерттеу нәтижесіне сәйкес, қазақстандықтар жас отбасының дербес өмір сүруін маңызды санай отырып, ата-ананың қолдауын да жоғары бағалайды. Атап айтқанда, сауалнамаға қатысқандардың 91,5%-ы ата-ананың көмегін пайдалы деп есептейді.

 

   Зерттеу авторларының пікірінше, жеке тұру мен ата-анамен тығыз қарым-қатынасты сақтау бір-біріне қайшы келмейді. Керісінше, жас отбасының дербестігін қамтамасыз ете отырып, үлкен буынның қолдауын сақтауға болады.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться